Сәрсенбі, 20 Қараша 2019 23:52

Түркістан облысы: Арыс қаласында Президент Жолдауы талқыланды

Ел тұрғындарының өмірі мен сапалы тұрмысын жақсартуда, экономикасы дамыған, әлеуеті жоғары мемлекет қалыптастыруда Президент Жолдауында қойылған басымдықтардың маңызы өте зор.Осы орайда бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған алғашқы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауын түсіндіру және талқылау мақсатында қала әкімінің орынбасары Сапар Дәрібайұлының төрағалығымен жиын өтті. 

Жиынға жазушы, қоғам қайраткері Мырзагелді Кемел, «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Сабира Байзахова, қала әкімдігінің, мекеме және кәсіпорын қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым мүшелері мен жастар қатысты. Жиын барысында баяндамалар оқылып, қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, пікір алмасу болып өтті. Жиын соңында С.Дәрібай, М.Кемел мен С.Байзаховаға және шараның өтуіне атсалысқан азаматтарға алғысын білдіріп, Президент Жолдауын жүзеге асыруға атсалысуға шақырды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 599 рет