Жұма, 22 Қараша 2019 01:08

Түркістан облысы: Сарыағаш ауданында азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті

Бүгін аудан әкімі М.Отаршиев аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген аудан тұрғындарының басым бөлігі жеке басының мәселелерімен келген. Сондай-ақ әлеуметтік көмек, ауызсу, табиғи газ, жер және жол салалары бойынша бірқатар өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді. 

Тұрғындардың талап-тілектерін мұқият тыңдаған аудан әкімі айтылған әрбір өтініштер бойынша заң аясында түсіндірмелер берді. Сонымен қатар бақылауға алынған мәселелер бойынша жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Айта кетейік, таңғы сағат 9:00-ден басталған бірыңғай азаматтарды қабылдау күнінде Сарыағаш ауданына қарасты қала, кент және ауылдық округі әкімдері де өз аппараттарында тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдап, тиісті жауаптарын берді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету қадамдарының бірі ретінде 21 қараша күні еліміз бойынша мемлекеттік органдарда Бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өткізілді. Басты мақсат – билік органдарының азаматтардың нақты әлеуметтік мәселелерін шеше отырып, халықпен тікелей қатынас орнату болып табылады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 406 рет