Бейсенбі, 25 Ақпан 2021 21:12

Жетісай жұрты депутатпен кездесті

Түркістан облысы, Жетісай ауданының мәслихат депутаты Ғазиза Шүкірбаева. Ғани Мұратбаев ауылы «Жас талап» көшесінің тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдады.

Бұл туралы Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  Айтуынша депутат ауыл халқының жан айқайымен өзінің үгіт-насихат жұмыстары барысында танысқан. Айта өтейік, тұрғындарға жөні түзу электр бағаналары мен жол керек. Сондай-ақ жергілікті адамдар ауыз судан да тапшылық көріп отырғандарын жасырмады. Базыналы жұрт күні бүгінге дейін қанша арыздансақта құлақ түрер шенді болмады деп налыды. Алайда халық қалаулысы Ғазиза Шүкірбаева барлық жағдаймен жіті танысып, мәселені барынша бағамдауға тырысты. Тұрғындардың талабын тыңдап, мәселені алдағы уақытта өз бақылауында ұстайтынын айтты. Халық қалаулысы айтылған мәселелер бойынша тиісті мекемелерді құлағдар етіп, алдағы уақытта оң шешім табуына ат салысатын болды. Жиналған көпшілік жиын соңында Жетісай ауданының мәслихат депутаты Ғазиза Шүкірбаеваға өз алғыстарын айтты.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 416 рет