Түркістан: мақтааралдықтар Тұңғыш Президент күнін атап өтті

Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық аренада ойып тұрып орын алуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өлшеусіз үлес қосып келеді. Экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалары халықаралық сарапшылар тарапынан жоғары бағаланды. Бүгінде бүкіл әлем Қазақ елін танып, оның бастамаларына қолдау көрсетіп келеді. Мақтаарал ауданы Мырзакентте ұйымдастырылған Тұңғыш Президент күнінде зиялы қауым өкілдері осылай деді.

Түркістан: Ордабасы ауданында «EGOV MOBILE» мобильді қосымшасының пайдалы тұстары түсіндірілді

«EGOV MOBILE» мобильді қосымшасы арқылы қажетті қызметтің 28 түрін үйде жатып алуға болады. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Ордабасы ауданынының ХҚКО мамандары халыққа түсініктеме жұмыстарын жүргізуде. «Ашық мемлекет» атты көрсетілетін қызметтердің жобасы насихатталды.

Түркістанда «Nur Otan» партиясы саяси ұйым мүшелерінің бірлескен жиыны өтті

«Nur Otan» партиясының Түркістан қалалық филиал төрағасы Рашид Аюповтың қатысуымен саяси ұйым мүшелерінің бірлескен жиыны өтті. Онда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партия филиалдарының өкілдерімен кездесу барысында жүктелген міндеттерді орындау және жаңа бастамаларды жүзеге асыру мәселесі талқыланды.

Түркістан: Отырарда сапар орталығы ашылды

Отырар ауданында мәдени туризм орталығына айналуға тиіс бірегей нысан «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі сапар орталығы» көпшілікке есігін айқара ашып, Арыстанбаб кесенесінің маңын абаттандыру жұмыстары аяқталды. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен бой көтерген нысанның ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов, Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі, сазгер Қалдыбек Құрманәлі қатысты.

Түркістан облысы: Созақта Президент Жолдауы насихатталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 2 қыркүйегінде «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» деген тақырыппен Қазақстан халқына Жолдау жасағаны бәрімізге белгілі.

Түркістан облысы: ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Отырар ауданында болды

Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдаудауының орындалуын насихаттауға келген топ тарихи Отырар ауданын аралап көрді. Топ мүшелері Шәуілдір ауылында күрделі жөндеуден өтіп жатқан мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарымен танысты.

Түркістан: ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев өңір жастарымен кездесті

ҚР Президентінің халыққа Жолдауын түсіндіру мақсатында Түркістан облысына келген жұмыс тобы өңірдегі жастармен кездесу өткізді. Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин Жастар жылының аясында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.