Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау тобының полициейлері 2022 жылдың 10 айында браконьерлікті анықтау және жолын кесу бойынша жұмыс атқарып, нәтижесінде 33 экологиялық қылмысты тіркеді, оның ішінде 15 істі сотқа жіберді. Мобильдік топтар құрамындағы полицейлер "Браконьер", "Уылдырық" және басқа да жедел-профилактикалық іс-шаралар шеңберінде қазіргі заманғы техникалық құралдарды, квадроциклдерді, қайықтарды және қызметтік автокөліктерді пайдалана отырып, бүкіл аумақты және қорғалатын табиғи аймақтарды қамти отырып, рейд жүргізді.
Жыл басынан бері заңсыз балық аулау дерегі бойынша 18 қылмыс тіркеліп, балық аулау ережелерін бұзған 457 азамат анықталды. Оның ішінде 431 бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, 7,5 миллион теңгеден астам айыппұл өндірілді. Тыйым салынған құралдарды (Қытай ау-торлары және т.б.) пайдалана отырып, заңсыз балық аулағаны үшін 26 азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, жиналған материалдар сотқа жолданды. Браконьерлерден 3 тоннаға жуық заңсыз ауланған балық, 36 жүзу құралы, 4 қайық қозғалтқышы мен 44 түрлі балық аулау құралдары тәркіленді.
Сонымен қатар заңсыз аң аулаудың алдын алу бойынша 10 ай бойы жүргізілген рейдтік-профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде тұрғындардан тіркелмеген 21 аңшы қаруы тәркіленді. Аң аулау ережелерін бұзған 100-ден астам азамат анықталып, оның ішінде 48 адамға айыппұл салынды, ал 53 құқық бұзушыға ескерту шарасы қолданылды. Аталған кезеңде табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері ағаштар мен бұталарды заңсыз кесудің 3 жайтын анықтап, сотқа жолдады.
6,2 текше метр жиналған ағаш түрлері тәркіленді. Жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау ережелерін бұзудың 60 дерегі анықталды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары сексеуілді және басқа да ағаштарды заңсыз кесудің алдын алу мақсатында, облыстық орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен бірлескен рейдтерді жалғастыруда.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 383-бабында «Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу»:Балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ бұзушылық – жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет – жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тәсiлдермен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ өрескел бұзу – әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралы тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет – әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 5. Балықтың су тарту құрылыстарына түсуінен қорғау үшін арнайы бейімделген құрылғыларды орнатпай, балық шаруашылығының су айдындарынан су тарту – жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады делінген. Одан басқа облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Түркістан облысы Полиция департаменті Жер қатынастары және кәсіпкерлік басқармаларымен бірлесіп, мобильдік топтар құрылып, табиғи жер қойнауын, оның ішінде пайдалы қазбаларды (тас, құм, қиыршық тас және т. б.) заңсыз өндіру мен өткізуді анықтау, алдын алу және жолын кесу бойынша рейдтік іс-шараларды жүргізуде. Нәтижесінде жыл басынан бері табиғатты қорғау полициясының инспекторлары 86 құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 73 жайт ҚР ӘҚБтК-нің 139-бабы бойынша жинақталған материалдар құқық бұзушыларды жауапкершілікке тарту және шығынды өндіру үшін Түркістан облысы бойынша Экология департаментіне жіберілді.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 139-бабында «Жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу»:
1. Жерасты суларын қоспағанда, жер қойнауын заңсыз пайдалану, жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын мәмiлелер жасау –
жер қойнауының ресурстарына келтірілген залал сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған мүлік, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықты жасау кезінде пайдаланылған құралдар мен заттар тәркiлене отырып, жер қойнауының ресурстарына келтірілген залал сомасының екі жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Осы бапта көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде жер қойнауының ресурстарына келтірілген залал деп жер қойнауының заңсыз алып қойылған ресурстарының нарықтық құны танылады.
ҚР ҚК-нің 334-бабының негізінде 13 жайтқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, алдағы уақытта оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.
Түркістан облысының полицейлері мұндай профилактикалық және рейдтік іс-шараларды өткізу, браконьерлікті және табиғи ресурстарды заңсыз өндіруді азайтуға ықпал ететінін атап өтті. Сонымен қатар тәртіп сақшылары азаматтарды табиғатты қорғауға шақырады және табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік қана емес, қылмыстық жауапкершілік те қарастырылғанын ескертеді.
ҚР Қылмыстық Кодексi 334-бабында «Жер қойнауын өз бетінше пайдалану»:1. Жер қойнауын өз бетінше пайдалану, сол сияқты пайдалы қазбаларды өз бетінше өндіру, егер бұл іс-әрекеттер ірі залал келтірсе, –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Аса ірі залал келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекеттер –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер –
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады деп жазылған.