Super User

Super User

Шаһар басшысы М. Әйтенов қаладағы жол құрылыстарын тексерді

Шымкент қаласының әкімі шаһарға қарасты Өтеміс және Базарқақпа елдімекендеріне барып, жөндеуден өтіп жатқан жолдардың құрылыс сапасын тексерді. Қаратау ауданы аумағында орналасқан Өтеміс тұрғын алабында ағымдағы жылы ұзындығы 5,1 шақырымды қамтитын 4 көшеге орташа жөндеу жұмыстары атқарылды. Бүгінде Өжен, Ақкөл және Мұрат көшелерінің құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Ал ұзындығы 3,1 шақырым, ені 6 метрді құрайтын КХ-42 көшесінде жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда асфальт жабындысының 2-қабатын төсеу жұмыстары атқарылуда. Орташа жөндеу жұмыстары қараша айының соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. «Сапаға жұмыс істеуіміз керек. Берілген ескертулерді дер кезінде жойып, қателікке қайта жол бермеу керек» деп, ескертті Мұрат Дүйсенбекұлы жауапты сала мамандары мен мердігер мекеме өкілдеріне. Сонымен қатар Шымшаһар басшысы М.Әйтенов Базарқақпа тұрғын алабындағы Сайрам-су өзені үстінен өтетін аспалы темір көпірдің құрылыс жұмыстарымен танысты. Естеріңізде болса, демеуші азамат есебінен Сайрам су өзені үстінен ұзындығы 43 метр, ені 5 метр болатын аспалы көпір салынып жатқанын хабарлаған болатынбыз. Қазіргі уақытта көпір құрылысымен қоса транспорт басқармасы тарапынан көпірге дейінгі ұзындығы 400 метр, ені 6 метр болатын жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толық аяқталды. Айтып өтейік, Сайрам-су өзені үстінен өтетін аспалы ағаш көпір 1986 жылы салынған. Су шайып кеткен соң 1994 жылы ауыл тұрғындары өз есебінен адамдардың жаяу өтуі үшін қайтадан темір көпір салып, күтіп ұстау жұмыстарын жүргізіп келген. Жалпы биыл шаһарда 21,9 шақырымдық тоғыз магистралды көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Үшінші мегаполисте қала шаруашылығын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған 5 жылдық жоспары бекітілген. Соған сәйкес, жыл сайын 200 шақырымнан астам жол жөнделуі тиіс.

ШЫМКЕНТТІҢ ӘКІМІ МЕКТЕПТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Шымкент қаласында 2022-2023 оқу жылында мектеп саны 20-ға артты. 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарға сәйкес 75 015 орынға арналған 77 мектеп салу жоспарланған. Оның 54-і мемлекет есебінен болса, 4-уі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде, ал 19 мектеп жеке инвесторлар есебінен бой көтермек.

Биылғы жылы 10 540 орынға арналған 16 мектеп жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Қалада құрылысы жүріп жатқан 11 мектептің есебімен жекеменшік білім мекемесінің саны 62-ге жетті. Жаңа нысандар пайдалануға берілген тұста қалада үш ауысымды мектептер саны 9-дан 5-ке төмендейді. Жалпы үш ауысымда білім беретін мектептер және мектебі жоқ шағын аудандар мәселесін 2023 жылы, ал орын тапшылығын (дефицит) 2025 жылға дейін толығымен шешу жоспарланған. Осы орайда, Шымкент қаласының әкімі шаһарда құрылысы жүріп жатқан бірқатар мектептерді аралап,  тапсырмалардың орындалу барысын қадағалады. Бірінші кезекте - “Сайрам” ықшамауданындағы Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының жаңа оқу корпусының құрылысын көрді.

Құрылысы биыл, наурыз айында басталған жаңа оқу корпусы 600 оқушыға шақталған, қосымша екі блоктан тұрады.

Футбол алаңшасы мен жүгіру жолы қарастырылып, инженерлік жүйемен толықтай қамтылатын болады.

Қазірге дейін құрылыстың 30%-ы атқарылды. Жоспар бойынша жұмыстар келесі жылы 100% аяқталып, пайдалануға берілмек.

"Нысандардың сапасы маңызды. Бұл нысанда балалар білім алады, оқиды. Балалар үшін барлық жағдайды жасауға тиіспіз”,-деді әкім ғимаратты аралау барысында. Келесі кезекте -

Қайтпас-1 ықшамауданындағы №72 орта мектептің қосымша оқу ғимарат құрылысын тексерді.

375 орынға лайықталған нысан 3 қабатты 2 блоктан тұрады. Алдағы уақытта 30-ға жуық қала тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.

Ғимарат құрылысы жыл соңына дейін 100% аяқталып, пайдалануға берілмек.

Нысан жұмыстарымен танысып шыққан қала әкімі сала мамандары мен мердігер мекемеге жұмыс сапасына баса мән беріп, жобаны уақытылы аяқтауды тапсырды.

Еңбекші ауданына қарасты Сайрамдағы  Ю. Сайрями көшесі бойындағы №10 колледжінің жаңа оқукорпусы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов нысанның құрылысы барысын тексеріп, сапаға мән берді.

Аталған нысанның құрылыс жұмыстарының мерзімнен кешеуілдеуіне байланысты жауапты мердігерге бірнеше ескертулер беріліп, айыппұлдар салынған. Қазіргі таңда ескертілген кемшіліктер ретке келтіріліп, жұмыстар жалғасын табуда. Осы күнге дейін құрылыстың 85%-ы атқарылды.

Жаңа ғимаратта 300 орындық оқу корпусы, 200 орындық асхана, 200 орындық АКТ залы және спортзал блогы қарастырылған.

Нысанның құрылысы былтыр маусым айында басталған. Жоспарға сәйкес жаңа корпус жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

ШЫМКЕНТ: ҚАЙНАРБҰЛАҚТАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ 2023 ЖЫЛЫ ТОЛЫҚТАЙ ШЕШІЛЕДІ

Шымкенттегі Қайнарбұлақ тұрғын алабында инфрақұрылым құрылыс қарқынды жүргізілуде. Бүгін шаһар басшысы М.Әйтенов аталған аумақта атқарылып жатқан жұмыс сапасын кезекті рет тексеріп шықты.

“Ескертулер еленбей қалмауы керек. Бірінші кезекте сапаға жіті мән береміз, ал нысандардың мерзімінен кешіктірілмей пайдалануға берілуі - негізгі шарт”,-деді қала әкімі тиісті сала басшыларына тапсырма жүктей отырып.

Қайнарбұлақ тұрғын алабын ауыз сумен қамту құрылысы жоспарға сай кезең кезеңімен жүзеге асуда.

Ауыз су жүйелерінің жалпы ұзындығы 329,8 шақырымды құрайды. Бүгінгі таңда 30%-ы тартылған. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқталады.

Ал табиғи газбен қамту құрылысы II кезең бойынша жүргізілуде. І кезең бойынша жалпы жұмыс көлемінің 25%-ы аяқталған. ІІ кезеңнің де құрылыс жұмыстары қарқынды. Тұрғындар игілігіне келесі жылы берілмек.

Сондай-ақ елді мекенді сапалы электр қуатымен қамту бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Электр жүйелерінің жалпы ұзындығы 68, 6 шақырымды құрайды. Бүгінде оның 40%-ы аяқталды. 2023 жылдың алғашқы жарты жылдығына дейін жергілікті халық сапалы электр жарығын тұтынатын болады.

Оған қоса, көшелерді жарықтандыру мәселесі де рет-ретімен шешілуде.

Биыл Степная, Бөлешов, №125 мектеп орналасқан көшелер жарықтандырылса, келесі жылы Дружба, Фабричная, Металлург, Заводская көшелері жарықтандырылатын болады. 60 750-ге жуық тұрғыны бар Қайнарбұлақта қазір 329,8 шақырымды құрайтын ауыз су құбырлары тартылуда. Әзірге 50 шақырымы біткен.
Табиғи газбен қамту жұмыстары екі секторға бөліп жүргізілуде.
Жаңақұрылыс тұрғын алабында ұзындығы 233,4 шқ болатын газ жүйелері тартылуда.
Саяжай алабында газ жүйелерінің ұзындығы: 206,7 шқ.
Екі сектордағы құрылыс жұмыстарды келесі жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Сонымен қатар электр жүйесімен қамтудағы жұмыстар 2023 жылдың ІІІ-тоқсанында аяқталмақ. Жалпы электр жүйелерінің ұзындығы 68,6 шқ. құраса, осы кезге дейін жұмыстың 40%-ы орындалды.
2020 жылы Центральная көшесі, 2022 жылы Степная, Бөлешов, №125 мектеп көшелері жарықтандырылдыАл 2023 жылы Дружба, Фабричная, Металлург, Заводская, Құрасбеков, Шанин, Жаңақұрылыс көшелері жарықтандырылатын болады.
Саяжай электр жарығымен 100 пайыз қамтылған. Ауыз су толық берілген. Табиғи газбен қамтылмаған, газдандыру үшін жобалау жұмыстары жүргізіліп, сараптама қорытындысы алынды. Құрылыс жұмыстарына бюджеттік өтінім жолданды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарына жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Құрылыс жұмыстары 2022-2023 жылдары жүргізіледі.
Мұндағы 222 көшенің 32-сі асфальтталған болса, 190-ы тас жол. 2021 жылы 24 шақырым топырақ жолға шағал тас төселді. Биыл Энергетик, Карданник, Пресс автомат, Дорожный, Восход, Металлург, Русские березки, Серегин, Толстой көшелері секілді 14 көшеге асфальт төселеді. 2023 жылы - 28 көше (9,2 км), 2024 жылы - 19 көше (14,9 км), 2025 жылы - 8 көше (34,9 км) асфальтталады.

 

ШЫМКЕНТ: ДИСПЕТЧЕРЛІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҒЫ ТӘУЛІГІНЕ 870-ТЕН АСТАМ АВТОБУС МАРШРУТЫН БАҚЫЛАЙДЫ

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес 2020 жылдың 6 наурызында Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан "Диспетчерлік қызмет орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылған болатын.

Мекеме қала аумағындағы қоғамдық көліктерге диспетчерлік қызмет көрсету, кестені сақталуын үздіксіз бақылау және маршруттар бойынша автобустардың және шағын автобустардың қалаларда, қала маңындағы үздіксіз және тұрақты қозғалысың қамтамасыз ету үшін жедел реттеу, сондай-ақ технологиялық процестегі көліктің барлық түрлерімен жолаушылар тасымалдауды үйлестіру болып табылады. Сонымен қатар жолаушылар тасымалы инфрақұрылымдарын жаңарту мен күрделі өзгерістерге байланысты қоғамдық көлік қозғалысы жобалары мен жүру сызбасын дайындаумен айналысады.

Қала аумағындағы көлік инфрақұрылымы құрылыс жұмыстарына байланысты , осы күнге дейін 1000-ға жуық сызба әзірленген.

Аталған мекемеге қатысыты тағы бір қызмет түрі - диспетчеризация

Диспетчерлік бақылау жұмыстары толық автоматты басқару жүйесі арқылы іске асырылады. Операторлар қоғамдық коліктерде орнатылған GPS-құрылғылар арқылы нақты уақыт режимде үздіксіз берілетін ақпарат арқылы көліктердің бекітілген сызба бойынша жүруін, сызбадан тыс шығуы, GPS-құрылғыларының дұрыс жұмыс жасамауы секілді жағдайларды бақылайды. Көлік жүргізушісі жол ережесін бұзған жағдайда, орталық тарапынан басқармамен бірлесе қатаң шара қолданылады.

Айта кетейік, Шымкентте жаңа аялдамалар орнатылып, жол сызықтары жаңартылды. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының дерегінше, қазіргі уақытта Шымкент қаласында 78 тұрақты қалалық маршрут қызмет көрсетеді, күнделікте маршруттарға 843 автобус шығады. Қалады жалпы автобустардың саны резервпен қосқанда 1000 автобусты құрайды. Жеке меншік нысанындағы 10 компания жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетуде. Ал, пайдалану мерзімі 3 жылға дейінгі автобустар саны 890 автобус немесе 89 пайызды құрайды. 2021 жылы Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерде «Төлем» электрондық төлем жүйесі енгізілді. Бұл жүйенің артықшылығы - төлемдердің ашықтығын, тасымалдаушылардың кірістілігін және қалалық бюджетке салық түсімдерін арттыруға мүмкіндік береді.

Осы RSS каналға жазылу