Сенбі, 15 Маусым 2019 22:30

Түркістан облысы: Шардара ауданында дәрігерлерге құрмет көрсетілді

Аудандық мәдениет сарайында денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Салтанатты жиында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев шардаралық дәрігерлерді облыс бойынша «Үздік стационар» номинациясын иеленулерімен құттықтады. 

Сондай-ақ медицина саласында жемісті еңбек етіп жүрген бір топ қызметкерлерге грамоталар мен аудан әкімі Болатбек Қыстауовтың атынан «Алғыс хаттар» тапсырды. Ақ халатты абзал жандарға деген ізгі тілекті «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерғали Қарымсақов та білдіріп, партия атынан «Алғыс хаттар» табыс етті.

Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Нұрғали Молдаханов әріптестерін айтулы мерекемен құттықтай отырып, барлық кіші медбикелер мен стационар қызметкерлеріне қосымша сыйақы берілетінін айтып, қуантты. Бас дәрігер соңғы бір жыл ішіндегі денсаулық саласындағы жетістіктерді атап өтіп, оған үлес қосып жүрген барлық әріптестеріне алғысын білдірді. Сонымен бірге медицина саласының ардагерлері мен қазіргі таңда да еселі еңбек етіп жүрген қызметкерлерді сый-сияпаттармен марапаттады.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 969 рет