Бейсенбі, 14 Қараша 2019 00:40

Түркістан облысы: Келес ауданында АИТВ-ЖИТС-ке қарсы кездесу өтті

Ғасыр дертіне айналған нашақорлық, темекі, спиртті ішімдіктер және оны тұтынудан аулақ болу, кеселдің алдын алу қажеттілігі, АИТВ-ЖИТС-ке қарсы күрес мәселелері бүгінгі күн тәртібіндегі ең басты әрі өткір мәселелерінің бірі болып табылады. Қатерлі жұқпалы кеселдің құрбанына айналып, жыл сайын ата-ана, туған-туыстарына қайғы-қасірет әкеліп жатыр. 

Осындай келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында Келес «Жастар ресурстық орталығы» КММ психологы мен Келес аудандық ауруханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мамандарының ұйымдастыруымен №13 колледж студенттерімен кездесу болып өтті. Жиын барысында қоғамдық қасіреттердің алдын алу туралы мол мағлұмат берілді.

Сонымен бірге Келес «Жастар ресурстық орталығы» КММ психологы мен мамандарының қатысуымен акция да ұйымдастырылды. Акция барысында халық көп шоғырланған аумақтарда, яғни «Әуес» базарында және сұлулық салондарында, орталық көшелерде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 839 рет