Сейсенбі, 01 Желтоқсан 2020 12:56

Түркістан облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Түркістан облысында коронавирустық инфекциясы бойынша бүгінгі таңдағы ахуал тұрақты.

Бұл жөнінде облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрбек Нышанов Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Негізінен пандемия басталғалы бері өңірде 3 478 жағдай тіркелген. Оның ішінде, жазылып шыққандар саны - 3 394 ал, қайтыс болғандар – 46 адамға жеткен.

«Облыс бойынша 600 инфекциялық және 340 карантиндік төсек-орын ұйымдастырылған. Төсек-орындар санын 5 610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндігіміз бар. Облыс көлемінде өкпені жасанды желдету аппараттарының саны 178-ден 337-ге дейін артты. Қосымша 4 оттегі станциясы орнатылып, станция саны 8-ге жетті. 80 бірлік оксигенация аппараты (HI-FLOW) сатып алынды. Бұдан бөлек, оттегі концентраторларының саны 890 бірлікке жетіп, оған қоса оттегі нүктелерінің саны 205-тен 2815 нүктеге дейін ұлғайды»,-деді Нұрбек Садықбекұлы.

Эпидемиологиялық ахуалдың тұрақты болуы үшін медицина саласы жаңа құрал-жабдықтар және тасымалдау көлігімен толыққан.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

Оқылды 491 рет