Түркістан облысы: Арыс қаласында «Мектепке жол» акциясы жалғасып жатыр

Бүгін қаладағы «Лидер» балабақшасында жаңа оқу жылының алдында жыл сайынғы жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы өтті. Акцияның мақсаты – оқушылардың мектепке баруын қамтамасыз ету, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалардың қажетті білім алуына көмектесу. 

Түркістан облысы: Мырзакентте 160 гектар жерге көпқабатты тұрғын үйлер салынбақ

Құрылғанына енді ғана бір жыл болған Мақтаарал ауданы құрылыстың ордасына айналып үлгерді. Қазір аудан орталығы Мырзакент кентінде жүргізіліп жатқан абаттандыру, жарықтандыру жұмыстары мен жол, аяқжол құрылыстары сөзіміздің айқын дәлелі болмақ.

Түркістан облысы: созақтық балуандар «ASIA OPEN» халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды

Шілде айының 27-28 күні Нұр- Сұлтан қаласында грепплингтен «ASIA OPEN» Халықаралық жарысы өтті. Айтулы жарысқа әлемнің 6 елінен Ресей, Үндістан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстан елінен 600 тарта спортшы қатысты. Байрақты бәсекеде облыс, аудан намасын қорғаған Мыңжасар Алпамыс, Болат Жолшыбеков, Ұласар Мұқаш, Абзал Саттар тұғыр бигінен көрініп, жарыстың жүлдегері мен жеңімпаздары атанды.

Түркістан облысы: Келес ауданы әкімі ауыл тұрғындарына құлақ түрді

Бүгін Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Бірлік ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуге аудан прокуроры Бақыт Сейфолла, аудандық полиция бөлімінің басшысы Шырынбек Оңғаров, аудандық дербес бөлім басшылары және ауылдық округ тұрғындары қатысты. 

Түркістан облысы: Келес ауданындағы ауыл округтерін байланыстыратын көпір құрылысы – аудан әкімінің бақылауында

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев және аудан әкімінің орынбасары Серік Қарақұлов Ошақты ауылдық округі Ошақты және Жетітөбе елді мекендерін бөліп тұратын, Саңырау су түсіргісінің үстіндегі «КХ-72-Ошақты-Жолбасшы-Ораз ата» автомобиль жолының 0+350 шақырымдағы көпір құрылысының барысымен танысты. 

Түркістан облысы: Ордабасы ауданының ауыл шаруашылығы саласындағы өндірілген өнім 13 млрд. теңгеге жуықтады

Мал шаруашылығы саласын дамытудың негізгі көрсеткіштері мал басы мен мал шаруашылығы өнімдерін ұлғайтуға және асыл тұқымды мал басының үлесін арттыруға бағытталған. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, қаңтар-маусым айларында Ордабасы ауданында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі – 12 млрд. 951 млн. 500 мың теңгені құрап, 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1 млрд. 537 млн 500 мың теңгеге артты. 

Түркістан облысы: Түлкібас ауданы емханасындағы цифрландыру халықтың қолдауына ие

Орталық емханада ашылған жаңа қызмет түрлері бүгінде халықтың көңілінен шығып, қажеттеріне жарауда. Күрделі жөндеу жұмыстарынан өткен қабылдау бөлімінің сәнді көрінісі кімді болсын қызықтырып, көңілін қуантады. Ауырып ем іздеп барған науқастар жайлы, таза, жарық жерде отырып, кезегін күтеді. 

Түркістан облысы: Түлкібас ауданында ауыл шарушылығы саласын дамыту мақсатында ауқымды жобалар іске асып жатыр

Түлкібас ауданында қай саланы алсақ та, ілкімді істер қолға алынып, жүйелі түрде іске асып жатқанын байқауға болады. Солардың бір бағыты – ауыл шаруашылығы саласында.