Сенбі, 03 Тамыз 2019 16:34

Түркістан облысы: Төлеби ауданының орталығы жаңаша кейіпке енді

Төлеби ауданының орталығы Леңгір қаласы абаттандырылып, жаңаша кейіпке еніп келеді. Бұл өз кезегінде қала тұрғындары мен қонақтары үшін қуанышты жағдай екені айтпаса да түсінікті.

Жаңаша кейіпке енген орталық алаңда су бұрқағы, шағын демалыс орындықтары және түнгі жарық шамдар қойылған. Ұялы телефондарды қуаттауға да мүмкіндіктер жасалған. Сондай-ақ, қалада орын алып жатқан жаңалықтарды көрсету үшін Ленгір қаласы әкімі аппараты ғимаратының маңында арка мен «LED» экран іске қосылды. Сондай-ақ, аудан тұрғындарына арналған демалыс орындарын көбейту жұмыстары жалғасын табуда.

Ағымдағы жылы Ленгір қаласының Төлеби және Қапал батыр көшелерінің қиылысындағы 12,7 гектар шатқалды аббаттандыру жоспарланып отыр. Мұнда 1200 ағаш отырғызылып, 3 су бұрқағы, орындықтар, жол аяқтар, шамдар орнатылатын болады. Сонымен қатар, 6,0 шақырым Төлеби көшесіне, 3,3 шақырым Ә.Бектаев көшесіне орташа жөндеу жұмыстары және Ленгір қаласындағы жалпы 13,7 шақырымды құрайтын 12 көшенің жолына жөндеу жұмыстары жүргізілмек. 

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 635 рет