Түркістан облысы: Арыстық 100 оқушыға мектеп құралдары табысталды

«Біз Арыспен біргеміз» акциясы аясында Арыс қаласы Ә.Жангелдин атындағы мектептеАлматы қаласы «StartTimе» ЖШС-нің бастамасымен «Мектепке даярлық» атты 100 оқушыға сөмке, оқу құрал-жабдықтары мен қоса мектеп формасын табыстау рәсімі өтті. Аталмыш шараның ұйымдастырушысы – Түркістан облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы мен Жастар ресурстық орталығы. 

Түркістан облысының әкімі ақпараттың ашық әрі уақтылы айтылуы керектігін ескертті

Арыс қаласында атқарылып жатқан жұмыстар мен мәліметтер шынайы әрі ашық болуы керек. Бүгін облыс әкімі аппаратының кезекті селекторлық жиынында өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев осылай деді. Қорға аударылған қаржы мен мемлекет тарапынан берілетін әрбір қаражат та қоғам назарында болады. 

Түркістан облысы: «Арыста радиация жоқ»

Арыс қаласында ауа, су сынамалары алынып, радиация мөлшері зерттелді. Бұл туралы бүгін Түркістан облысында құрылған штабтағы баспасөз мәслихатында еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді. 

Түркістан: арыстықтарға арналған гуманитарлық жүктерді қабылдау тәулік бойы жүргізіліп жатыр

Арыс халқының басына түскен қиын жағдайға алаңдаушылық білдірген ел азаматтары барынша көмек қолын созуда. Оған еліміздің өзге өңірлерінен келіп жатқан гуманитарлық көмек заттары дәлел. Қазіргі таңда Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Алматыдағы отандастарымыздың жіберген түрлі материалдық заттары Шымкент қаласы, Ынтымақ шағынауданындағы сауда-логистикалық орталығы мен «Нұрсәт» шағынауданындағы «Көрме» орталығына жеткізілген.

Түркістан облысы: Арыста өрт толық сөндірілді

Бүгін Түркістан облысында құрылған жедел штабта Арыстағы төтенше жағдайдан кейінгі атқарылған жұмыстар және қаланың қазіргі жай-күйі жөнінде баспасөз мәслихаты өткізілді. Өңірлік және республикалық БАҚ өкілдері қатысқан жиында  ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев Арыс қаласында өрт сөндірілгенін мәлімдеді.

Түркістан облысы: Ө.Шөкеев арыстық тұрғындар апта соңында үйлеріне оралатынын айтты

Бүгін Түркістан облысы, Ақжол ауылы, Жамбыл атындағы орта мектепте Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен баспасөз-мәслихаты өткізілді. Жиынға облыс әкімімен қатар ««Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев, ТЖД өкілі, Қазақстан Республикасының Бас санитар-дәрігері Жандарбек Бекшин, облыс прокуроры, аймақтық ветеринарлық инспеция өкілі қатысты. Өңір басшысы елді мазалаған өткір әрі өзекті сұрақтарға жауап беріп, Арыстағы жағдай тұрақталып, қауіптің беті сейілгенін мәлімдеді.

Түркістан облысы. Эвакуациялық орталықтарда 24 мыңнан астам адам тіркелді

Арыс қаласындағы жағдай тұрақты. Қазіргі кезде қаланы тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдайдан зардап шеккен халықтың да жағдайы қалыпты. Бұл туралы бүгін облыстық штаб мүшелері мәлімдеді.Арыс қаласының маңындағы Ақжол ауылы, Жамбыл атындағы мектепте орналасқан облыстық штабта өткен брифингке Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев, Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Ұласбек Сәдібеков, Шымкент қаласының әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай қатысты.

Түркістан: сенаторлар облыстық штабтың жұмысын жоғары бағалады

Арыстықтардың жай-күйімен танысу үшін ҚР Парламенті Сенатының  Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед және Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Әли Бектаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Асқар Бейсенбаев,  Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік тұрақты комитетінің мүшесі Әлімжан Құртаев Түркістан облысына арнайы келді.