Түркістан облысы: мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың ақпарат орталығы ашылды

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында ақпараттық орталық ашылды. Енді сотқа талап арызымен немесе қандай да бір мәселемен жүгінген азамат кедергісіз көмек ала алады. Ескерте кететін жәйт, азаматтарға қолайлы болуы үшін мұнда талап-арыздарды қабылдау, кеңес, ақпарат беру электронды түрде жүргізіледі. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, сот төрағасы және бірқатар департаменттердің басшылары, сот жүйесінде көп жылдар еңбек еткен ардагерлер осынау жаңашылдықтармен танысып қайтты.

Жетісайда мемлекеттік қызмет көрсету жолдары түсіндірілді

Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен арнайы жиын өтті. Күн тәртібінде мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу, сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар жандарға ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін құжат әзірлеу, санаторий-курорттық емдеумен қамту, кресло-арбалар беру жолдары жан-жақты талқыланды.

Түркістанда «Қала күні» мерекесі аталып өтті

Салтанатты шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарын айтулы мерекемен құттықтады. Аймақ басшысы қаланың облыс орталығы мәртебесін алуымен, тарихи шаһар жаңа сипатта дами түскенін айрықша атап өтті.

Түркістан қаласында бес жұлдызды қонақ үйдің құрылысы басталады

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Қала күні» мерекесінің қарсаңында «RIXOS KHADISHA TURKESTAN» бес жұлдызды қонақ үйінің капсуласын салу рәсіміне қатысты. Онда қонақ үй кешенін жобасымен танысып, құрылыс жұмыстарын салтанатты жағдайда бастап берді. Жиында барысында аймақ басшысы атқарылып жатқан бұл шаралар - Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени астанасы етудің алғы шарты екенін атап өтті.

Түркістанда фронт-офис ашылды

Түркістан қаласында экономикалық соттың жанынан фронт-офис ашылды. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған бастаманың мақсаты - халыққа сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігін іс жүзінде қамтамасыз ету. Жаңадан жұмысын бастаған нысанның ашылу рәсіміне Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, қызмет көрсету орталығын аралап көрді.

Түркістандағы ғимараттар ұлттық нақышта бой көтеретін болады

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдегі бірқатар сәулетшілермен кездесті. Басқосуда облыс орталығын дамыту жайы жан-жақты талқыланды. Жиын барысында аймақ басшысы Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту бойынша бас жоспар тұжырымдамасын әзірлеу конкурсы ұйымдастырылғанын атап өтті.

Түркістан облысы: Төлеби ауданында биыл 16 мың тұрғын жұмыспен қамтылған

Төлеби ауданы халықты жұмыспен қамту саласында ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Жыл басынан бері жұмыспен қамтылғандар саны 16 мыңнан асқан. Жаңадан ашылған жұмыс орындарының саны да арта түскен. Осы мәселелер таяуда Төлеби ауданыны Елбасы Жолдауын насихаттауға келген арнайы топпен кездесуде әңгіме арқауы болды.

Шардараға респбуликалық ақпараттық-насихаттық топ келіп кетті

Шардара ауданына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын насихаттау және түсіндіру бойынша республикалық ақпаратық-насихаттық топтың мүшелері, ҚР Энергетика министрлігі Әкімшілік жұмысы департаментінің директоры Өмірсерік Әшімбев пен облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Полатбеков келіп, қаладағы «Абай» Мәдениет сарайында тұрғындармен кездесу өткізді.

Шардарада дзюдо күресінен халықаралық турнир өтті

Түркістан облысы Шардара қаласында дзюдо күресінен КСРО спорт шебері, 1980 жылғы Азия біріншілігінің жеңімпазы Рысбай Төлеевті еске алуға арналған ХI халықаралық турнир өтті. Аталған жарысқа еліміздің барлық өңірлері мен көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей мемлекеттерінен 25-ке жуық команда қатысып, өзара мықтыларды анықтады.

Парламент Мәжілісінің депутаты Ә.Бектұрғанов отырарлықтармен кездесті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы қазан айында жариялаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатынның өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнған Жолдауы жер-жерлерде талқыланып жатқаны белгілі. Осы мақсатпен Отырар ауданына арнайы келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әбдіманап Бектұрғанов аудан тұрғындарымен кездесіп, Елбасы Жолдауында айтылған басты бағыттар жайында кеңінен сөз етті.