Түркістан облысы: Мақтаарал ауданының әкімі Мақтаарал ауылдық округінің жаңа басшысын таныстырды

Қазанның 16-сында аудан әкімі Бақыт Асанов Мақтаарал ауылдық округінің активіне округтің жаңа басшысын таныстырды. Сайлаудан жеңіп шыққан Ибраев Алим Джумадуллаевич аудан әкімінің өкімімен жеке еңбек шартына сәйкес, міндетті арнайы тексеруден өткенге дейін Мақтаарал ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды. 

Түркістан облысы: Мақтаарал аудандық мәслихатының сессиясында бірқатар комиссияларды құру дауысқа салынды

Мақтаарал ауданында аудандық мәслихаттың кезекті отыз тоғызыншы сессиясы өтті. Жиынға аудан әкімі Бақыт Асанов, аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары мен дербес бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 

Түркістан облысы: «Мақтаарал» - чемпион!

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Қазақстан Республикасы біріншілігіндегі Бірінші лига командаларының 2004 жылғы жасөспірімдері арасында болған жарыста республика чемпионы атанған «Мақтаарал» командасының жасөспірім футболшыларын қабылдады. 

Түркістан облысы: Жетісайда жемқорлыққа жол жоқ

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Жетісай ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясының кезекті отырысы өтті. Жиынға Жетісай ауданының әкімі, комиссия төрағасы Жамантай Бейсенбаев, Жетісай ауданының прокуроры Нұрғали Асқанбеков, сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл ұлттық бюросының Сарыағаш аймағы бойынша ауданаралық басқармасының басшысы Ержан Жүнісов, Жетісай аудандық ішкі істер басқармасының басшысы Бауыржан Жанаев, Жетісай ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның дербес құрамы, білім беру мекемелерінің басшылары, дербес бөлім басшылары мен кент, қала, ауыл округтерінің әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты. 

Түркістан облысы: Мақтааралда «рухани келісім» күніне арналған жиын өтті

Мақтаарал ауданында 18 қазан – «Рухани келісім» күніне арналған діни бірлестіктердің жетекшілерімен кездесу жиыны өтті. Іс-шараға аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Саттаров, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ә.Тұрсынханов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Оңғаров және діни бірлестіктердің жетекшілері қатысты. 

Түркістан облысы: Энергетика министрлігінің департамент директоры Келес ауданында болды

18 қазанда Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Елбасының халыққа арналған "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Жолдауын насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Әкімшілік жұмысы департаменті директоры Әшімбаев Өмірсерік Үстетайұлы арнайы келіп, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. 

Түркістан облысы: Келес ауданындағы кеден бекетінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Келес ауданы әкімдігімен бірлескен іс-шара ұйымдастырылды.