Сейсенбі, 23 Қазан 2018 11:01

Түркістан облысы: Төлеби ауданында биыл 16 мың тұрғын жұмыспен қамтылған

Төлеби ауданы халықты жұмыспен қамту саласында ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Жыл басынан бері жұмыспен қамтылғандар саны 16 мыңнан асқан. Жаңадан ашылған жұмыс орындарының саны да арта түскен. Осы мәселелер таяуда Төлеби ауданыны Елбасы Жолдауын насихаттауға келген арнайы топпен кездесуде әңгіме арқауы болды.

Биылғы Жолдаудың басты ерекшелігі – ол қазақстандықтардың табысын арттыруға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға, орта және шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға, халықтың өмір сүруіне қолайлы, әрі қауіпсіз қоғамдық орта құруға бағытталған. Бүгінде Төлеби ауданында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 8065. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдан  11 пайызға көп екен.

«Жыл басынан бері Төлеби ауданында 1283 жаңа жұмыс орны ашылған. 1 қыркүйекке дейін 16 мың тұрғын жұмыспен қамтылыпты. Жеткен жетістік ауыз толтырып айтарлықтай, бірақ мұнымен шектеліп қалуға болмайды»,-дейді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков.

Сондай-ақ, тарих ғалымдарының кандидаты Қайрат Анарбаев: «Елбасының жасап жатқан еңбегі, Жолдауыелдің келешегі үшін жасалып жатқан дүние. Елдің келешегі жастар екендігін ескере отырып, келер жылды жастарға арнап отыр. Бұл жастарға жүктелген үлкен жауапкершілік»,-дейді. Жолдауды насихаттап халыққа дұрыс жағынан жеткізе білу- сіз бен біздің ортақ парызымыз екені айтпаса да түсінікті. Ал онда көрсетілген бағыттар халықтың әл-ауқатын көтеруге негіз болмақ.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

Оқылды 832 рет