Түркістан: «Қоғамда әділдікті, еңбекті дәріптеу, жастарға қолдау көрсету маңызды»

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен жиын өтті. Онда бірқатар саланың өзекті мәселелері талқыланды. Жастар, ұлтаралық қатынас, білім беру және өзге де салалардағы түйткілдер тарқатылды. Мәжіліске құқық қорғау органдарының өкілдері, жауапты басқарма басшылары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Түркістан облысы: Созақ ауданында «Халық заңгері» республикалық акциясы аясында тұрғындарға заңгерлік көмек көрсетілді

Созақ ауданы әкімі аппаратының ғимаратында аудан әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Абдуахат Бакировтың қатысуымен «Халық заңгері» — республикалық акциясы ұйымдастырылды.

Түркістан: мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін жағдай жасалуда

Түркістан облысында жаңа оқу жылына 15500 орынға мемлекеттік тапсырыс берілді. Мемлекеттік тапсырыстың басым бағыттары техникалық, құрылыс және ауылшаруашылық салалары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім салаларына бағытталған.

Шымкент: Адам папиллома вирусына қарсы вакциналау басталады

Қазақстанда жыл сайын жатыр мойыны обырынан - 1900-ге жуық жаңа жағдайлар тіркеледі, оның ішінде - 600-ден астам әйел бір жылда осы дерттен көз жұмады. Елімізде жатыр мойны обыры барлық жастағы әйелдер арасында сүт безінің обырынан кейінгі кең таралған обырдың екінші түрі болып табылады.

Түркістан облысында өртке қарсы қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Түркістан облысында орман және дала өрттерімен күрес және олардың алдын алу барысы қатаң бақылауда. Аталған мәселе Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланып, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берілді.

Шымкентте сібір жарасына қарсы 130 мыңнан астам адам екпе алды

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында аса қауіпті аурулардың алдын алу мәселелері бойынша брифинг өтті. Онда сібір жарасы бойынша қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың қалай қалыптасып жатқаны туралы айтылды.

Шымкентте Ш.Қалдаяқовтың 94 жылдығына арналған "Әнім сен едің" гала-концерті өтті

Шымкент қаласында қазақ вальсінің королі, даңқты композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай ерекше мәдени іс-шаралар өтті. Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген «Әнім сен едің» гала-концерті халықтық сипатта ерекше ықыласпен қабылданды.

Шымкент: Жастар еңбек жасақтары маусымдық жұмысын жалғастыруда

«JASYL EL» атауы әрбір қазақстандыққа жақсы таныс. Жалпыұлттық жобаның еңбек маусымы жалғасуда. Жоба жастарды еңбекке баулуды, табиғатты аялауға шақыруды көздейді. Осы ретте жыл сайын еліміздің барлық өңірінде жүзеге асырылып келе жатқан жобаның биылғы жаңалықтары туралы ақпарат ұсынуды жөн көрдік.