Шымкенттегі сауда орталықтарында "Денсаулық бұрышы" ұйымдастырылды
“Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КеАҚ Шымкент қаласы филиалының ұйымдастыруымен “Денсаулық бұрышы” акциясы өтуде.
“Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КеАҚ Шымкент қаласы филиалының ұйымдастыруымен “Денсаулық бұрышы” акциясы өтуде.
Бүгінгі таңда Шымкентте 58 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемесі қызмет көрсетеді. Оның 13-і мемлекеттік медициналық ұйым. Емханаларға тіркелген халық саны 1 228 504 адамды құрайды. Былтыр 800 мыңға жуық пациент емхана қызметіне жүгініп, оларға 8 миллионнан астам медициналық қызмет көрсетілген. Биыл жыл басынан бері тұрғындар емхана қызметіне 3 жарым мыңға жуық рет жүгінген.
Жалпы МӘМС жүйесінде сақтандырылу мәртебесі тұрғындар үшін жоғары технологиялы медициналық көмек, профилактикалық тексерулер мен оңалту шаралары, консультациялық-диагностикалық қызмет пен есепте тұрған науқастардың дәрі-дәрмекпен қамту аясын да кеңейткен. Азаматтар осылайша ай сайынғы жарна есебінен медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие болуда.
Қазақстанда жыл сайын 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығымен бекітілген жеке тұлғаларды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына бекіту қағидаларына сәйкес тұратын аумағы шегінде емхананы еркін таңдау науқаны өтеді.
Бекіту науқаны Денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорында тіркелген және ТМККК және МӘМС бойынша Медициналық қызметтер көрсетуге үміткер медициналық ұйымдар арасында ғана жүргізіледі. Тізіммен https://fms.kz/.../patient/kak-prekripitsa-k-poliklinike/ сайтында танысуға болады.
Дәрігер тіркелген пациенттердің денсаулығын бақылай алуы үшін тұрғылықты жеріне тікелей жақын емхананы таңдау ұсынылады.
ЭЦҚ болған жағдайда емханаға www.e.gov.kz электрондық үкімет порталы арқылы тіркелуге болады.
Тіркеу науқаны-емхананы ауыстырудың жалғыз мүмкіндігі емес екенін естеріңізге саламыз. Мұны жылына бір рет еркін таңдау құқығы бойынша, сондай-ақ егер адам тұрақты немесе уақытша тұратын, жұмыс істейтін немесе оқитын жерін ауыстырса, қаладан бір айдан астам уақытқа кетсе немесе өзі қараған емхана қайта ұйымдастырылса немесе таратылса және т. б. жасауға болады.
Шымкент қалалық №3 аурухананың дәрігерлері жүйке жүйесі ауруынан жүре алмай қалған 74 жастағы науқасты аяққа тұрғызды. Зейнеткер ауыр дерттің салдарынан қайта сауығудан күдер үзген. Үздіксіз емнің нәтижесі ақ халатты жандар мен қарияның ортақ жеңісі болып отыр.
Түркістан облысында конго-қырым қызбасына қарсы және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша штаб отырысы өтті.
Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына қарасты Жастар денсаулық орталықтарына жыл басынан бері 11163 жас көмекке жүгінген. Оның басым бөлігі 10-14 жас аралығындағы жасөспірімдер.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Халықтың репродуктивті денсаулығын қорғау апталығының басталуы туралы» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында айтылды.
Шымкент республикалық маңызы бар қала статусын иеленген уақыттан бері мегаполистің медицинасы да жанданып келеді. Елімізде денсаулық сақтау саласын жетілдіру үшін жыл сайын жеке меншік секторды қоса отырып қаржыландыру мен басқарудың жаңа әдістері енгізіліп отыр. Сонымен қатар дәрігерлерді оқыту мен олардың біліктілігін арттыру бойынша жаңа кадр саясаты қалыптасып келеді.
Шымкент қаласы бойынша соңғы 3 жылда атқарылған жүйелі іс-шаралардың нәтижесінде ана мен бала өлімі азайған. Нәресте өлімі 19,3, ана өлімі 80,4 пайызға төмендеген.
26 маусым - Халықаралық есірткімен күрес күні. Жалпы елімізде синтетикалық есірткіні тұтыну деректері артқан. Соңғы 3 жылда айналымнан алынған «синтетика» көлемі 10 есе өскен. Мұның себебін мамандар, синтетикалық препараттар жыл сайын арзанырақ және қолжетімді болуынан деп түсіндіреді.