Түркістан облысы медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге дайын ба?

Алдағы уақытта еліміздегі еңбек ететін әрбір азамат медициналық сақтандыру жүйесіне қаржы аударуға міндеттеледі. Сөйтіп, азаматтар ауырған жағдайда емінің ақшасын өзі қаржыландыратын болады. Бұл денсаулық сақтау саласында көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мақсатында қолға алынып отыр. Осы жүйеге дайындық жұмыстары облыс әкімдігінде пысықталды. 

Түркістан облысы: арыстықтарға МӘМС талаптары түсіндірілді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін ендіруді 2020 жылы жүзеге асыру мәселесіне зор жауапкершілікпен қарап, ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жандандыруды тапсырған болатын.

Түркістан облысы: Мақтааралда ана мен бала денсаулығына арналған жиын өтті

Ана мен нәресте өлімін төмендету мақсатында іске қосылған ҚР-ның Денсаулық сақтау министрлігінің «Әмбебап прогрессивтік патронаждық модулі» бағдарламасы бойынша сектораралық мекемелер ұйымдасқан түрде жұмыс жүргізуі керек. Аталған бағдарлама бойынша Мақтаарал ауданы әкімдігі тарапынан бұйрық бекітілген.

Түркістан облыстық жедел жәрдем қызметі 16 жаңа медициналық көлікпен толықты

Түркістан облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына толық жабдықталған, заман талабына сай жаңа көліктер берілді. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев және облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшылығы мен медицина саласының қызметкерлері қатысты. 

Түркістан облысы: Медициналық мекемелер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға толық дайын

Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен шұғыл штаб отырысында Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшылығы мәлімдеді. Облыс әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаевтың төрағалық етуімен өткен жиын барысында өңірдегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге дайындық барысы талқыланды. 

Түркістан облысы: Отырар ауданында ашық есік күні өтті

Қазіргі таңда АИТВ инфекциясы дүниежүзілік проблеманың біріне айналды. Соңғы статистикаға жүгінсек, бұл инфекциямен 40 миллионнан астам адам өмір сүреді. Адам ағзасындағы иммун тапшылығы вирусын жұқтырғандардың арасында қазақстандықтар бар. Қолда бар мәліметке қарасақ елімізде 24 мыңнан адам аталған вирусты жұқтырған. Бұл тек ресми тіркелген жағдай екен. «Шын мәніндегі көрсеткіш бұдан әлде қайда жоғары болуы мүмкін. Себебі, қоғамда аталған вирусты жұқтырғанымен, оны жариялауға қорқып жүргендер көп болуы мүмкін», - дейді мамандар. Жұқпалы дерттің алдын алу мақсатында Отырар ауданында ашық есік күні өтті. 

Түркістан облысы: медициналық көмек түрлері түсіндірілді

Елімізде 2020 жылдан бастап медициналық көмек екі түрлі пакет бойынша көрсетіле бастамақ. Бұл туралы«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев Отырар ауданының халқымен кездесу жиынында мәлімдеді.

Түркістан облысына әлемге танымал кореялық медицина орталығының өкілдері келді

Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшылығының шақыруымен өңірге әлемге танымал Корея мемлекетінің Пучон қаласындағы Сунчонхян медициналық орталығының профессоры, онкологиялық әрі халықаралық хирургтар қоғамының ресми мүшесі Ким Хен Чоль келді. Кездесу барысында екі жақты ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.