Шымкент: Қоғамдық көліктер саны 25 пайызға қысқарды
Бұл туралы Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады.
Бұл туралы Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады.
Шымкент қаласында коронавирус індетіне қарсы профилактикалық шаралар жалғасын табу үстінде. Дәлірек айтсақ, дезинфекциялау жұмыстары Қаратау ауданындағы Нұрсұлтан Назарбаев және Бәйдібек би даңғылдарында, сонымен қатар Сейдолла Бәйтереков, Төлепбек Назарбеков, Арғынбеков көшелерінде жүргізіліп жатыр.
Абай ауданында 40 көшені күніне 2 рет «LTD Тұрмыс» мекемесінің 2 техникасы залалсыздандыруда. Сондай-ақ ауданға қарасты 716 үйге №35748 әскери бөлімінің 100 қызметкері мен 4 техникасы дезинфекциялау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Төтенше жағдай кезінде медициналық бетперде тапшылығын болдырмау үшін Шымкент қаласында мемлекеттік мекемелер мен халық көп шоғырланатын нысандарға 285 мың дана медициналық бетперде таратылды.Бұл жөнінде Шымкент қаласының төтенше жағдай штабы хабарлады.
«Баршаңызға мәлім, елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты, Сіздерден өз үй-жайларыңыздан мүмкіндігінше шықпауды өтінеміз. Азық-түлік немесе дәрі-дәрмек алу сынды аса қажеттілік болмаса, сауда орындары мен базарларға, саябақтарға, ойын алаңшаларына баруды және туған-туыстардың, дос-жарандардың үйлеріне қыдыруды уақытша доғаруды сұраймыз». Бұл туралы Шымкент қаласының төтенше жағдай штабы мәлімдеді.
Шымкент қаласы әкімдігі шаһар тұрғындарына коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында 2020 жылдың 28 наурызында түнгі сағат 00:00-ден бастап қосымша шектеу шаралары енгізілгенін ескертті.
Әлемді алаңдатып отырған коронавирус індетіне байланысты Шымкент қаласында сақтық шаралары барынша күшейтілді. Қазіргі таңда қала әкімдігінде жедел штаб құрылып, қауіпті инфекцияның алдын алу үшін арнайы кешенді іс-шаралар әзірленді.
Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы «Шақпақ» бекетінде бүгін екі мыңға жуық азамат блок-постта дәрігерлер тексеруінен өтті.