Сейсенбі, 31 Наурыз 2020 19:23

Шымкент: Карантин жарияланған елді мекенде медицина мамандары тәулік бойы қызметте жүр

Шымкент қаласындағы карантинге жабылған "Тәуелсіздікке 20 жылтұрғын алабындағы тұрғындар медициналық көмекпен қамтамасыз етілгенМұндағы санитарлық бекеттегі жедел жәрдем және емхана қызметкерлері медициналық көмекті қажет ететін жергілікті тұрғындарға көмек көрсетуге дайын

Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша 13 санитарлық бекет бар. Бекеттерде дене қызуын өлшейтін құрылғылар жеткілікті, қалыпты режимде жұмыс істеуде. Халықтың өміріне араша түсетін ақ халаттылардың бүгінде еңбегі орасан зор. Қиындықпен бетпе-бет кездесетін дәрігерлердің жұмысына көпшілік қолдау білдіруде.

Еске сала кетсек, Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында 31 наурыз күні сағат 21.00-ден бастап қосымша шектеу шаралары енгізіледі. Қалаға кіретін барлық жолдар жабылады. Автокөліктердің қалаға кіруі мен шығуына тыйым салынады. Тек транзитті жүк көліктері мен тіршілікті қамтамасыз ететін арнайы автокөліктерге рұқсат беріледі. Қала аумағында барлық азаматтар медициналық бетперде киюге міндетті.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 410 рет