Сейсенбі, 31 Наурыз 2020 11:34

Шымкент: Медицина қызметкерлері дертпен қаймықпай күресіп жатыр

Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында резервте 170 стационарлық орын бар. Бұл туралы Ақпараттық-коммуникация орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр айтты. 

— Мұнан бөлек түрлі жағдайларға дайындық ретінде 680 провизорлық орын да әзірленген. Әлемде короновирус инфекциясының таралу қарқын өте жоғары. Шымкент қаласында індеттің таралуының алдын алу мақсатында барлық іс-шаралар қолға алынуда. Дегенмен кез келген жағдайға дайын болуға тиіспіз. Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында резервте 170 стационарлық орын бар. Мұнан бөлек 680 провизорлық орын да әзірленген. Сондай-ақ 1 447 орындық 5 карантиндік стационар да дайындалды, — деді Е.Садыр.

Қала әкімінің бірінші орынбасары бұдан бөлек медициналық мекемелерде 72 мың медициналық бетперде қоры бар екенін де атап өтті.

Атап өту керек, жергілікті билік аты жаман індеттің алдын алу үшін барлық мүмкіндіктерді қарастыру үстінде.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 445 рет