Сейсенбі, 31 Наурыз 2020 11:27

Шымкент: Медицина қызметкерлері 632 мың тұрғынға хабарласып, денсаулық ахуалын білді

Бұл туралы Ақпараттық-коммуникация орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр айтты. 

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қаладағы барлық емханалар өзінде есепте тұратын азаматтармен телефонмен байланысып, олардың денсаулық жағдайын тексеріп шығуда. Сондай-ақ қалаға келген қонақтардың да барлығы уақытша есепке алынып, олардың да денсаулығы бақылауға алынуда. Егер тұрғындар мен қонақтарда дене қызуы көтерілуі менесе короновирус инфекциясының басқа да сиптомдары анықталса, олар дереу бақылауға алынады.

— Бүгінгі күнге дейін медицина қызметкерлері барлығы 632 мың тұрғынға телефон арқылы хабарласқан. Оның ішінде 5 500 адам Қазақстанның өзге өңірлерінен келген азаматтар. Оның ішінде 1 600 адам Нұр-Сұлтан қаласынан, 2 600 адам Алматы қаласынан, қалғандары басқа облыстардан келгендер, — дейді Е.Садыр. Оның айтуынша, алдағы 2-3 күнде өзге өңірлерден келген 61 мың адамның барлығына хабарласып, олардың денсаулық жағдайы туралы мәлімет жинақталады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 445 рет