Шымкенттегі медицина академиясының тарихи мұражайы ашылды

Таяуда Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының 40 жылдық мерейтойы өткені белгілі. Аталған мерекелік жиын білім ордасының тарихи мұражайының салтанатты ашылу рәсімімен басталып, іс-шараның аясында «Медицина мен фармацияның заманауи аспектілері: Білім, ғылым және тәжірибе» атты екі күндік халықаралық ғылыми практикалық конференция өтті.

Шымкент: Медицинадағы жаңа жүйе тиімділігін көрсетіп жатыр

Келер жылдан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Осы мақсатқа Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасына 25 миллиард теңге қаржы қаралған. Бүгінге дейін аталмыш жоба негізінде 600000қала тұрғыны қамтылған. Бұл халық санының 77,6 пайызын құрайды. 

Шымкентте қатерлі ісік ауруын ерте анықтайтын орталық ашылады

Шымкент қаласының халқы енді сапалы ем іздеп Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына барып сабылмайды. Қатерлі ісікке шалдыққан науқастар бұдан былай диагностикалық тексеруден өту үшін онкологиялық орталықтағы «ПЭТ» орталығының қызметіне жүгіне алады. Жаңа тексеру орталығының жұмысын іске асыру үшін қала әкімі Ерлан Айтаханов«Орхун Медикал» компаниясының директоры Дирик Гоненч Нихатпен келіссөз жүргізіп, екі жақты меморандумға қол қойды. 

Түркістан облысы: Жетісай аудандық әкімдігі арыстық 70 баланы жазғы лагерьге жіберді

Бақыт – балалардың күлкісінде! Арыстық 70 баланы Жетісай аудандық әкімдігі жазғы лагерьге аттандырды. Мақсат – оқушылардың уақытын тиімді пайдаланып, естен кетпес жазғы демалыс ұйымдастыру еді.

Арыстық балалар жазғы демалыстарын тиімді әрі қызықты өткізуде

«Нұр Отан» партиясы Арыс қаласының бүлдіршіндеріне қуаныш сыйлады! «Қазығұрт Турбаза» демалыс аймағында жазғы демалыстарын өткізіп жатқан бүлдіршіндерге арнап концерттік бағдарлама мен сый-сыяпат ұсынды. Айта кетейік, лагерьдегі 137 баланың демалуына жағдай жасаған Семей қаласының Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті болатын.

Түркістан облысында «Денсаулық Жолы» республикалық шарасы бастау алды

Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы мен облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асуда. Арыс қаласына жақын аумақта орналасқан ауылдардың халқы ауқымды шараға қатысуда.

Арыс қаласының тұрғындары білікті дәрігерлерге тексеріліп жатыр

Арыс қаласының жүздеген тұрғыны білікті дәрігерлерге қаралуға келді. Түркістан облысында «Денсаулық жолы» республикалық шарасы өтуде. Ауқымды шара Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы мен облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асты.