ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Төраға орынбасары Кенжеханова Алмагүл Жұмаханқызы және ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Қашқымбаева Лязат Рсымбекқызы қатысуымен қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық дәрілік заттарды таңбалау және олардың қадағалануы 2024 жылғы 1 шілдеде енгізілетіні, сонымен қатар, осы күннен бастап әкелінетін, сатып алынатын және сатылатын барлық дәрілік препараттар Data Matrix таңбалау-штрих-кодтарына сәйкес келуі тиіс екендігі айтылды.
«Қазақтелеком» АҚ таңбалау жобасының жетекшісі Жанна Оспанқызы препараттарды өндірушіден дәріханаға дейін қадағалаудың бизнес-процесін егжей-тегжейлі таныстырды.
Жалпы, дәрі-дәрмектерді қадағалау жүйесі медициналық ұйымдарда дәрі-дәрмектерді тіркеу және жалған есептен шығару мүмкіндіктерін болдырмауға, бөлшек сауда бағаларын, дәрі-дәрмектердің қалдықтары мен жарамдылық мерзімдерін бақылауға көмектесетіні атап өтілді. Өндірілген сәттен бастап соңғы тұтынушыға сатылғанға дейін ел бойынша препараттардың толық айналымын онлайн-режимде бақылау мүмкіндігі пайда болады.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асылбеков Нұрлыбек Абибуллаұлы, Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі, Денсаулық сақтау саласындағы кәсіпкерлердің салалық кеңесінің Төрағасы Нұрмашев Бекайдар Қалдыбайұлы таңбалауды енгізудің проблемалық мәселелерін және оларды шешу жолдарын жеткізді. Атап айтқанда, дәріхана қызметкерлерін есептен шығару мәселесі және таблеткалар мен ампулалар бойынша салық комитетіне есеп беру (зауыттық қаптаманы ашу) қызықтырды, ал Бақылау бағдарламасында есептен шығару қаптамалар бойынша жүретіні аталды. Сонымен қоса, медициналық мекемелер меншік түріне қарамастан осы жұмыс аясында интеграциялауды уақытылы іске асыру керек екендігін атап өтті.
Аталған семинарға Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Өткелбаев Мақсат Дуйсенбеұлы, қаладағы емдеу мекемелерінің, дәрілік заттардың көтерме және бөлшек сауда саласында фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын субъектілерінің басшылары және дәрілік заттардың таңбалау мен қадағалауды еңгізуге жауапты мамандар қатысты.