Жаңа зауыт заманауи өндірісте қолданылатын көп сатылы су тазарту жүйесі судың мінсіз сапасына кепілдік береді. Су зауыт аумағында орналасқан тереңдігі 170 метр ұңғымалардан алынады. Итальяндық технологиямен тазартылады. Су сапасына АҚШ және Италияның атақты зертханаларының сапа қорытындысы берілген.Жаңа жобаның жалпы құны – 7 млрд 600 млн теңге. Зауыт соңғы үлгідегі неміс технологиясымен жабдықталуда. ЖШС-інде 100-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Ауданға іссапармен барған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды зауыт басшылығымен және жауапты сала жетекшілерімен кездесіп, өндірістік инженерлік инфрақұрылыммен қамту бойынша жұмыс барысын талқылады. Жұмыстарды ширатуды тапсырды. Атап айтқанда, электр желісі және газ құбыры 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында жүзеге асуда. Сонымен қатар кәріз жүйесі мен оны тазарту қондырғысының жобасы іске асып жатыр.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат