Дүйсенбі, 11 Қараша 2019 11:02

Түркістан облысы: «Жастар жылы» аясында несие алған жетісайлық келіншек кәсібін дамытты

Биылғы «Жастар жылында» мемлекеттік қолдаудың арқасында жылдық үстемесі 1 пайызбен 2 млн. теңге несие алып, шаруасының ауқымын кеңейткен жетісайлық жас кәсіпкерлердің бірі – Әсия Қозыбекова. Автокөліктердің орындықтарын қаптап, әрін келтіретін келіншек бұған дейін ескі тігін машинасымен жұмыс істеп келген екен

Енді, міне, мемлекеттен төменгі пайызбен несие алып, жұмысының ауқымын кеңейтіп отыр. Заманауи үлгіде түрлі дизайндар жасауға қауқарлы қос тігін машинасын, Ресей және Қырғызстан елдерінен түрлі маталарды алдырған. Осылайша жаңашылдыққа жаны құмар келіншектің тапсырыстарының да көлемі өсіп, бүгінде көршілес Мақтаарал, Шардара, Сарыағаш және Қазығұрт аудандарынан да тапсырыстар қабылдап жатыр. 3 адам тұрақты жұмыспен қамтылған тігін цехы жеңіл автокөліктермен қатар автобустардың да орындықтарын қаптаумен айналысады. Жас кәсіпкердің сөзіне сенсек, мұнда тігіс тігуге қызығушылық білдіріп, үйренемін деп келушілерге де жағдай қарастырылыпты. «Алдағы уақытта оқу курстарын тұрақты түрде ұйымдастыру мәселелері де толық қолға алынатын болады» - дейді Әсияның өзі.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 635 рет