Түркістан облыстық педагогикалық идеялар байқауы: Жетісай ауданының ұстаздары үздік атанды

2019 жылдың 13 қарашасында Түркістан облысы әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауына ауданнан 12 пән мұғалімі қатысты. Байқауда І орынға 7 мұғалім, ІІ орынға 5 мұғалім ие болды. 

Түркістан облысы: Жетісай ауданынан шығатын спорттық аяқ киімдердің бағасы арзан

Жетісай ауданының Ш.Ділдәбеков ауылдық округінде спорттық аяқ киім шығаратын шағын цех жұмыс істейді. Аталмыш цех 25 ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Бұл кәсіпорын тәулігіне 1500 жұп аяқ киім шығаруға қабілетті. 

Түркістан облысы: Жетісай ауданы әкімі аяқ киім шығару цехының жұмысымен танысты

Бүгін Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев жұмыс сапарымен Шаблан Ділдәбеков ауылдық округінде болды. Алдымен ол аталмыш округте орналасқан ауданның кіреберіс қақпасының жұмыстарымен танысты. Құрылыс жұмыстарының уақытылы әрі сапалы аяқтау қажет екендігін айтқан аудан әкімі мердігер компания өкіліне ел үшін жасалатын жұмыстарды кемшіліксіз жасауға шақырды. 

Түркістан облысы: «Жастар жылы» аясында несие алған жетісайлық келіншек кәсібін дамытты

Биылғы «Жастар жылында» мемлекеттік қолдаудың арқасында жылдық үстемесі 1 пайызбен 2 млн. теңге несие алып, шаруасының ауқымын кеңейткен жетісайлық жас кәсіпкерлердің бірі – Әсия Қозыбекова. Автокөліктердің орындықтарын қаптап, әрін келтіретін келіншек бұған дейін ескі тігін машинасымен жұмыс істеп келген екен

Түркістан облысы: Жетісай ауданындағы бұзылған көпір жөнделіп, ел игілігіне қайта тапсырылды

Осыдан екі апта бұрын Түркістан облысының Жетісай ауданындағы Жылысу ауыл округіне қарасты Кәрімата елдімекенінің тұрғындары ауылдарына кіре берістегі үлкен көпірдің құлайын деп тұрғанын айтып, аудан әкімдігіне шағымданған болатын. 

Осы RSS каналға жазылу