Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ұйымдастырған іс-шараның мақсаты – әлеуетті инвесторлар үшін заңнамалық тұрғыда түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады. Алдағы уақытта осы кәсіпті жүргізетін салымшылар арасында іріктеу өткізіліп, жеңімпаздары анықталатынын да айта кеткен жөн.
Аталған семинарға Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, БҰҰДБ сарапшы-мамандары, жергілікті атқарушы органдар, аудан, қала әкімдіктері, коммуналдық кәсіпорындар, аймақтық электр желілері компанияларының қызметкерлері мен ЮСАИД және Қытай, Франция, Италия, Польша мемлекеттерінің инвесторлары қатысты. Жиын соңында қатысушылар жаңа нысанның бой көтеретін жерін көріп, орналасуының ыңғайлылығын таразылады.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»