Басқосу барысында Түркістан облысы Келес ауданында аумағы 500 гектардан асатын жылыжай кешендерін салу туралы Түркістан облысы әкімдігі, «KAZAKH INVEST»ҰК» АҚ, «Эко-культура» АӨХ ЖШҚ, «Green Land Alatau» ЖШС және Еуразиялық даму банкінің ортасында 5 жақты инвестициялық келісімге қол қойылды. Жоспарланған инвестициялар мөлшері 1,1 млрд. АҚШ долларын (424 млрд. теңге) құрайды. Жобаны қаржыландыруды, сондай-ақ, ЕДБ қаржы құралдары арқылы жүзеге асыру жоспарлануда. Естеріңізге сала кетейік, 2019 жыл 17 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласында «ЭКО-культура» АӨХ ЖШҚ Президенті Александр Рудаков және ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин тиісті меморандумға қол қойған болатын. Жылыжай мега-кешенінің жобасы серіктес«ЭКО Культура» агроөнеркәсіптік холдингінің қазақстандық «Green Land Alatau» компаниясына көмегі арқылы жүзеге асырылады.
Қазіргі таңда Түркістан облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы қажетті инфрақұрылым жүргізу бойынша таңдалған учаскеде есептеулер жүргізілді. Инженерлік желілер жүргізуге қажетті жалпы сомасы жобамен 10,3 млрд. теңге, соның ішінде 2020-2021 жж. – 3,7 млрд. теңге, 2020-2023 ж. – 6,6 млрд. теңгені құрайды. «ЭКО-культура» ЖШС-нің жылыжай кешендері өсіп жатқан дақылдардың толық циклін бақылайтын, жылыту жүйесі мен салқындатуды, жарық режимін, тамшылатып суаруды, атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшерін басқаратын заманауи автоматтандырылған климаттық бақылау жүйесімен жабдықталатын болады.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»