2019 жылы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына орай, алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып және халықты жұмыспен қамту мақсатында жалпы сомасы 6094,0 млн. тенгені құрайтын барлығы 33 жоба іріктеліп алынған болатын. Бүгінгі күнге жалпы сомасы 787,3 млн. теңгені құрайтын 12 жоба іске асырылып отыр екен.
Оның ішінде, өз қаражаты есебінен – 7 жоба, несиелендіру арқылы – 5 жоба, ал қалған 21 жоба бойынша бүгінгі күнде шаруа қожалықтарының басшылары құжаттарын жинақтап, қаржы институттарымен қаржыландыру бойынша етене жұмыс жүргізуде. Айта кететін жайт, бүгінгі таңда аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен барлық деңгейдегі қаржы институттарын тарта отырып, жергілікті кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие алу бойынша түсіндіру жұмыстары қарқынды жүруде.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»