Бейсенбі, 28 Қараша 2019 22:45

Түркістан облысы: Түлкібас ауданының ауыл шаруашылығындағы еңбек озаттары марапатталды

«Балапанды күзде санайды» демекші, «Алтын күз» - шаруалардың жыл бойғы бел жазбай істелген еңбектерінің жемісін көретін, нәтижесін сараптап, балапанды санап, алдағы межелерді белгілейтін шағы. Бүгін аудандық мәдениет үйінде жылдағы дәстүрге сай «Алтын күз-2019» мерекелік іс-шарасы өтті. 

Мерекелік шара барысында 2019 жылы ауданның ауылшаруашылығы саласында атқарылған жұмыстарды баяндайтын бейнеролик көрсетілімі ұйымдастырылды. Шараның ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Б.Ахметов аудан кәсіпкерлерін мерекелерімен құттықтап, ауданның ауыл шарушылығы саласында жоғарғы көрсеткіштерге жеткен кәсіпкерлерді мерекелерімен құттықтап, аудан әкімінің алғыс хаты және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Бүгінде еңбегінің жемісін көріп отырған ауданның еңбек озаттары да Елбасының тапсырмалары мен мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру мақсатында тынымсыз және тыңғылықты жұмыстар жүргізіп, өзіндік жақсы көрсеткіштерімен қарсы алуда. Бұның дәлелі ретінде биыл Түркістан облысы бойынша 2019 жылдың қорытындысымен Түлкібас ауданы жеміс-жидек қарқынды бауын өсіруде және жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өндеу бағытындағы үзік аудан атануын айтсақ болады. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының кеңесшісі Б.Қуанышбеков пен аудандық мәслихат аппаратының басшысы Т.Бердиевте құттықтауларын жеткізіп, алғыс хаттармен марапаттады. Бүгінгі таңда ауданның ауыл шаруашылығы бағытын дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар іске асуда. Шаруаларға өз ісін өрлету мақсатында мемлекет тарапынан ұсынылып жатырған бағдарламалар толыққанды жүзеге асуда. Сондай-ақ басты мәселелердің бірі, суармалы жерді ұлғайту мақсатында да ауқымды шаралар іске асуда. Бүгінгі таңда ауданда суармалы жердің көлемі 13 584 га, соның ішінде суғарылған жер көлемі 3152 га, яғни 23 пайызы ғана сумен қамтылған. Аудандағы жалпы ұзындығы 572 шақырымды құрайтын 111 канал республикалық «Қазсушар» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне толығымен өткізілген. 2019 жылы республикалық бюджеттен 122 шақырым канал бойының ұзындығына күрделі жөндеу жұмыстары бойынша жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсынылған. Қазіргі таңда сатып алу конкурстары жүргізілуде.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 484 рет