Жәрмеңкеге Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев арнайы келіп, жергілікті кәсіпкерлердің шығарған өнімдерімен жақыннан танысқан аудан әкімі «Біздің ауданның өз брендті болуы тиіс. Дүкен сөрелерінде мынау тауар «Жетісайда өндірілген» деген жазуы бар сапалы тауарларды арттыруымыз керек. Кез келген тауар өндірушілерді мен әрқашанда қолдауға дайынмын. Жас кәсіпкерлердің санын арттыруды назардан тыс қалмауы керек» - деп айтты.
Жалпы, бүгінгі таңда Жетісай ауданы бойынша «Бастау» жобасы арқылы 2019 жылы 480 адам «Жас кәсіпкер» бағдарламасымен 120 адам оқыды. Жас кәсіпкерлерден 115 жас грант ұтып алған. Бастау жобасы бойынша 200-ге жуық қатысушы грант жеңіп алған болса, «Бастау» жобасы бойынша 65 адам несие алған. Одан бөлек 504 адам Үкіметтен қайтарымсыз 505 мың теңге көлемінде қаржы алатын болады.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.