Айталық, бүгінде Жетісай ауданы бойынша ірі қара мал басы 60 мыңға жуықтаған. Былтыр бұл көрсеткіш 58424-ке жетсе, билы оның саны 59968 болып отыр. Яғни, өңірде ірі қара мал басы 1544 басқа көбейген. Оның ішінде сиыр былтыр 25865 бастан 26963 басқа яғни 1098- ге артқан.
Қой-ешкі 179469 бастан 18676- ге яғни 7296-ға көбейсе, жылқы басы 8978-ден 9643-ке яғни бір жылда 665 басқа ұлғайған.
Сондай-ақ, ауданда 689 бас түйе өсірілуде. Ал, шошқа басы 482-ден 492-ге 10 басқа артса,жалпы құстар былтырғы жылмен салыстырғанда 75482-ге жетіп, 2771 басқа көбейген.
Десек те, мал шаруашылығын дамытуға жайылым жерлердің тапшылығы да қолбайлау болып отырғаны жасырын емес. Өйткені ауданда 78 мың гектар егістік алқап бар. Осыны ескерген жетісайлық шаруалар төрт түліктерін көршілес Шардара ауданының құмды аймақтарындағы жайылым жерлерді жалға алып, сондағы қораларда ұстайды.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.