Ұн, тәтті нан өнімдерінің өндірісінде бұған дейін 24 адам жұмыс істесе, қазір төтенше жағдайға байланысты олардың саны үш есеге дейін қысқарды.
Аудандағы "НИК" жеке кәсіпкерлігі аудан көлемінде ғана емес, Түркістан, Шымкент, Қызылорда қалаларынан да тапсырыс қабылдаған. Қазір өңірлерге тасымалдау қызметі уақытша тоқтатылып, тапсырыс тек аудан көлемінде қабылдауда.
Аудан әкімі Уласбек Садибеков кондитерлік ұжымның карантиндегі жағдайын көру үшін аталған ұжымға арнайы ат басын бұрды. Жұмыс барысымен танысып, сақтық шараларының сақталуын қадағалады. Мұнда кондитерлік өнімнің 7 түрі шығады. Соның бір ғана түрі торт болса, оның өзінің тапсырысқа қарай түрленетіні тағы бар.
Еске сала кетейік, Сайрам Ауданы Қарабұлақ ауылдық округіндегі Замира Нышанкулованың ұннан дайындалатын кондитерлік тәттілерді кәсіпке айналдырғанына бес жылға таяған.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.