Бейсенбі, 14 Мамыр 2020 11:32

Жетісай жылыжайларында үшінші өнім алу үшін жұмыстар басталып кетті

Жетісай ауданы әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан бойынша 21 гектар аумаққа жылы жай салынған. Бұның 15 гектары жергілікті нарыққа бақша дақылдарын өсіріп отырса, қалған 6 гектары шаруаларға дайын көшет өндіріп береді.Бұл туралыЖетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Сондай жылы жайдың бірі Асықата кентінде орналасқан тамшылатып суғару әдісімен жұмыс жасайтын "КХ ДОСЖАН" шаруа қожалығы. Бүгінгі таңға дейін 2 гектар аумаққа орналасқан жылы жайдан екінші өнімінен 12 тонна қияр, 20 тонна қызынақ, және 25 тонна баклажан секілді бақша дақылдарын жинап алған. Өнімдердің барлығы жергілікті сауда орындарында көтерме бағамен сатылып келеді. Былтыр аудан бойынша 15 гектар жылы жайдан 600 тонна өнім алынған. Қосымша айта кететін болсақ, аталмыш жылы жайдан алғашқы өнім ретінде 80 тонна қызынақ жинап алынған. " Енді 2 апта көлемінде барлығын сатып бітіріп, үшінші өнім алу үшін жұмыстарды бастаймыз дейді" шаруашылық төрағасы Дүйсенхан Утанов.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 486 рет