Технологиялық регламенттен ауытқу немесе пайдалану уақытында апат болғаны туралы мәлімет – пайдаланған мерзімде болған жоқ.
Жоғарғы бъефтің қиғаш беткейінің жағдайы қанағаттанарлық. Бетон тақталардан жасалған қиғаш беткейдің бекітпесінің бұзылған жерлері жоқ.
Төменгі бъефтің қиғаш беткейінің ойылған жерлерімен фильтрациялық судың шыққан іздері жоқ, қиғаш беткей өсімдіктермен көмкерілген.
Фильтрация деепрессиялық сулардың ағысы тынық, мөлшері деепрессия қисығына сәйкес келеді.
ОК-1, ОК-2, ОК-3, ОК-4;ОК-5 арқылы су ағып тұр.
Шардара тоғанында және Өтеғұл ауылындағы халықты төтенше жағдай кезінде құлақтандыру жүйесі өз дәрежесінде жұмыс істеп тұр.
06.05.2020 жыл Шардара су қоймасында жиналған су көлемі 4843 млн.м3
Келіп түскен су көлемі –461 м3/сек
Су шығыны 368 м3/сек
Оның ішінде:
- СЭС трубиналары арқылы – 300 м3/сек
- СЭС су тастағыштары арқылы – 0 м3/сек
- Қызыл – Құм су реттегіші – 30 м3/сек
- Булануға – 38 м3/сек
- Арнасай су тастағыштары арқылы – 0 м3/сек
Қазіргі таңда Шардара су қоймасына жиналған су көлемі 4864 млн.м3,
жоғарғы деңгей белгісі – 251,54 м төменгі деңгей белгісі – 230,60 м.
Шардара су қоймасына қарасты Шардара, Арнасай тоғандары және су ғимараттарының жағдайы қанағаттандырарлық және көктемгі су тасқыны науқанына дайын.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.