Бейсенбі, 08 Қазан 2020 21:41

Түркістан: Келестік азамат мемлекеттік грант алып цех ашты

Түркістан облысы Келес ауданы Абай ауылының тұрғыны Ергеш Бексұлтан Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017- 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының көмегімен жоспарын жүзеге асырды.

Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Бұған дейін тұрақты жұмыс таппай қиналған ол, 555 600 теңге көлемінде мемлекеттік грант алып, тігін цехын ашты. Қазіргі таңда, жас кәсіпкер автокөліктің орындықтарына арналған құндақ тігумен айналысып келеді.
«Мен бұл істі 6 ай бұрын бастадым. Бұл кәсіпті қолға алған себебім, мұнымен айналысатындар жоқтың қасы. Сондықтанда қазір өнімге деген сұраныс жоғары. Ал, қазіргі жұмсақ жиһаз жасауды да үйреніп, тапсырыстар қабылдап жатырмын. Мемлекеттің бағдарлама арқылы алған қаржыма қажетті құрал-жабдықтар мен шикізаттар сатып алдым», – Ергеш Бексұлтан.
Жас кәсіпкердің ендігі жоспары кәсібінің ауқымын кеңейтіп, қасына 2-3 маманды жұмысқа қабылдап, өнім көлемін арттыру.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

Оқылды 339 рет