Дүйсенбі, 12 Қазан 2020 20:50

Түркістан: Түлкібастық шаруалар ет бағытындағы мал басын көбейтуде

Елімізде ет шаруашылығын дамытуға бағытталған «Сыбаға» бағдарламасы арқылы Түлкібастық шаруалар жеңілдетілген несие алып, өз кәсібін өркендетіп отыр.

Солардың бірі, Түлкібас ауданынына қарасты Машат ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Е.Төлепбеков биылғы жылы аталған бағдарлама аясында 70 бас аналық ірі қара сатып алып, бүгінгі таңда ет бағытындағы ірі қара мал басын көбейтуде.

Еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019  жылы Түлкібас ауданына 22 шағын сүт фермған болса, биылғы жылыі Түлкібас ауданында межеленген жоспар 265 бас ет бағытындағы ірі қара мал болса, 8 айлықтың қорытындысымен жоспар 113 пайызға орындалып, 299 басты құрап отыр. Шаруалардың айтуынша, қазіргі таңда тұтынушылар тарапынан сүтке деген сұраныс өте жоғары. Себебі, шөбі құнарлы Түлкібас ауданының ірі қара малдарының сүті өте майлы болып келеді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 403 рет