Бұл іспен айналысатын шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау да бар. Нақтырақ айтқанда, балыққа берілетін жемнің 50 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланады.
Түлкібас ауданына қарасты Балықты ауылдық округінің «Сансызбай» шаруа қожалығы дәл осы кәсіп түріне қызығушылақ танытқан. Кәсіпкер жасанды көлшіктерді дайындаған. Жуық арада Сайрам ауданының «Нұрша Темир» ЖШС-нен 10 мың дана сазан балығының шабақтарын сатып алуды жоспарлап отыр.
Жалпы бүгінгі таңда Түлкібас ауданының аумағында 4 шаруашылық балық өсіру ісін қолға алған. Атап айтқанда, Түлкібас ауданындағы Арыс ауылдық округіне қарасты «First Fish Company» ЖШС-і - бекіре, фарель және карп балықтарын өсірумен айналысса, Жабағылы ауылдық округіне қарасты «Нұран құрылыс» ЖШС-і, Келтемашат ауылдық округіне қарасты «Болат» ШҚ-ы және Жаскешу ауылдық округіне қарасты ЖК «Кадыркулов Н» балықтың сазан түрлерін өсірумен айналысуда.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат