Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті.
Түркістан облысы Ордабасы ауданының мақташылары әр гектардан 30 центнерден шитті мақта жинау үстінде.
Айта кету керек, жаңа технологияларды қолданудың арқасында өнімділік өткен жылмен салыстырғанда 5 пайызға артқан. Алқаптағы мақта «Джон Дир» комбайндарымен терілуде. Нәтижесінде, шаруалар жоғары көрсеткішке қол жеткізіп отыр. Мәселен, «Рамазан-Агро» ЖШС гектарынан 35 центнерден өнім алған. Ал, «Ордабасы-Агро» гектарынан 41 центнерден мақта жинады.
Айта кетерлігі, Түркістан облысында биыл мақта терімі науқаны өнімді техникамен жинауға басымдық берілуімен де ерекшеленуде. Жалпы, өңірде ақ алтынның 83 пайызы комбайнмен жиналып отыр. Ал баға мәселесіне тоқталфп өтетін болсақ, алғашқыда мақтаның тоннасы 130 мың теңгеден қабылданса, бүгінде бір тонна мақтаның бағасы 155 мың теңгеге бағалануда.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат