Бейсенбі, 12 Қараша 2020 05:30

Түркістан: Жетісай ауданында 800-ден астам адам мемлекеттік грант алып, кәсіп ашқан

Түркістан облысы, Жетісай ауданында биыл 843 азамат жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант алған.

Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Қайтарымсыз қаражатқа  қол жеткізгендер ішінде 86 адам «Бастау бизнес» жобасы аясында мамандардан кәсіпкерлік негіздері бойынша дәріс алған.
Сонымен қатар, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтағандар  саны - 536, атаулы әлеуметтік көмек алушылар - 219 адамды құрайды. Мемлекеттік грантты тиімді пайдалану үшін 43 адам жабдықтар сатып алуға, 131 адам техникалық құрал-жабдықтарды алуға, 669 адам мал және құс шаруашылығын дамытуға қаржы алған.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтағандардың бірі Жетісай қаласының тұрғыны Жазира Артықова. Жеке кәсіпкер автокөліктердің орындығын қаптауға тігін машинасын сатып алу үшін 555 600 теңге көлемінде мемлекеттік грант алған. Бүгінде ол  өз ісін өркендету бағытында еңбек етуде.   

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат            

 

Оқылды 304 рет