Бейсенбі, 19 Қараша 2020 06:20

Түркістан: Ордабасы ауданында ауылшаруашылығы өнім көлемі 43 млрд. теңгеден асқан

Ордабасы ауданында жаңа инновацияны қолдану арқылы 60 гектарға «BS-Agro Product» ЖШС-і суаруды қажет етпейтін «Сitrullus Lanatus» сұрыпты қарбыз көшетін отырғызып, 6,6 тонна қарбыз дәнін жинап алған.

Дәл осы қарбыздың дәні шетелдік косметология саласында үлкен сұранысқа ие. Серіктестік жиналған өнімді Израйль мемлекетіне экспорттауды жоспарлауда.

Жалпы, Ордабасы ауданындағы ауылшаруашылығы саласындағы өнім көлемі 43 млрд. 175 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5 млрд. 371 мың теңгеге артқан.

Ағымдағы жылдың 10 айында ауыл шаруашылығы саласында 5 млрд 139 млн теңге көлемінде инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге көп.

Аудан бойынша жалпы сыйымдылығы 38050 тонна өнім жинайтын 16 қойма бар. Сонымен қатар, ағымдағы жылы Бадам ауыл округінен «Александровский сад» ЖШС-нің жеміс-жидек өнімдерін бастапқы өңдеумен айналысатын сыйымдылығы 1670 тонналық, құны 815 млн. теңгені құрайтын заманауи қойманы іске қосу көзделуде. 

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат            

 

Оқылды 461 рет