Жұма, 05 Ақпан 2021 20:43

Түркістан облысында егін егу науқаны басталды

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының диқандары үйіргелік жерге қызылша тұқымын егуді бастады. Бұл туралы aq-qara.kz  әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аудан диқандарының айтуынша, «Павло», «боро», «водан F1» сұрыптары шетелден әкелінген. Екі жарым айдан кейін өнім бере бастайтын көкөністің бұл түрінен гектарына 25-30 тонна өнім алуға мүмкіндік бар екен.

Қазіргі таңда диқандар 10 гектарға қызылша тұқымын егіп үлгерген. Былтыр ерте көктемде өнім алған А.Қалыбеков ауылдық округінің диқандары Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларына қызылша өнімін сатып, Ресей мемлекетіне экспорттады. Осылайша, мол табысқа кенелген шаруалар биыл да экспорт мәселесіне көңіл бөліп отыр.

Аталған ауылдық округте 4632 гектар егістік жер бар. Бақша өнімдерін өндірумен аты шыққан округ былтыр 200 мың тоннаға жуық қауын-қарбыз өнімдерін экспортқа шығарған. Ал, диқандардың ендігі алға қойған мақсаты - сапалы өнім көлемін айтарлықтай арттыру болып табылады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат  

Оқылды 451 рет