Сенбі, 06 Ақпан 2021 17:03

Түркістан: Кентаулық зауыт күніне 30 тонна құбыр шығарады

Өндірілген өнімдер тапсырысқа орай, Қазақстанның барлық аймақтарына тасымалдануда.

Кентау қаласында жылына 1.5 млрд. теңгенің пластикалық құрылыс бұйымдарын шығаратын  «АБН Альянс» ЖШС жұмыс істейді. Цех 2020 жылдың желтоқсан айында  іске қосылған.  Бүгінгі таңда өндіріс ошағында жергілікті 31 тұрғын жұмыспен қамтылып отыр. 

Өткен жылдың 15 желтоқсан айында жаңа нысанды пайдалануға қабылдау актісі алынып, 1-инвест статистикалық есебі тапсырылған. Қалаға 609 млн.теңге инвестиция құйылды. Зауыт күніне 30 тонна құбыр шығарады. Өндірілген өнімдер тапсырысқа орай, Қазақстанның барлық аймақтарына тасымалдануда. Аталмыш кәсіпорын биыл қосымша «Радиатор шығару цехын» ашпақ . Жобаның құны – 1 млрд 200 млн теңгені құрамақ. Жоба толық іске асса, жылына 600 мың дана радиатор шығарылады деп күтілуде. Мұнда да 50 адам жұмыспен қамтылатын болады. Бұдан бөлек, мұнда темірбетон шығару цехын ашу көзделуде. Жобаның құны – 200 млн теңге. Кәсіпорында жылына 13500 мың дана темірбетон шығарылмақ.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 268 рет