Дүйсенбі, 18 Маусым 2018 22:59

Шымкентте биыл егістік алқабы 900 гектарға артты

28 мың гектардан астам егістіктің 9 мыңына күздік бидай егіліпті. Былтыр оның түсімі мол болып, шаруалар кемі 11 центнерден өнім жинаған-ды. Ал биыл ше? 

Диқандардың ағымдағы жылға жасап отырған болжамы былтырғыдай емес. «Еткен еңбегіміз еш кете ме?» деген алаңдаушылықтың бары рас. Олардың сөзіне сенсек, күзгі һәм қысқы күн райының қолайсыздығы астықтың пісіп-жетілуіне кері әсер етіп отыр екен.

«Бидайдың басы жақсы, сабағы мығым болғанымен, қатары сирек. Оның үстіне жауаптылар тарапынан жеңілдетілген жанар-жағармаймен, тыңайтқышпен қамтамасыз ету жағы да анау айтқандай емес», — дейді шаруалар. Алайда олар былтыр, алдыңғы жылдары жергілікті басқармалар арқылы көрсетіліп келген мемлекеттік қолдаудың қазір талап-ережелері өзгергенінен де құлағдар.

«Биыл жаңбыр жауған алқаптарда астықтың жайы мәз емес. Бұл ауа райына да, шаруалардың өзіне де тікелей байланысты. Техникасы тапшы диқандар аграрлық шараларды дер кезінде іске асыра алмай қалып, уақыт оздырады. Соған қарамастан астықтың орташа түсімі артады деп үміттенеміз» дейді Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі басшысының орынбасары Жәнібек Тоғай.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 1399 рет