Сейсенбі, 27 Шілде 2021 15:03

Ордабасы: Көктөбелік кәсіпкер құс шаруашылығын ұлғайта түсуде

Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекенінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Айнұр Балқыбаева 200 бас үй тауығын асырап, тәулігіне 180-200 дана жұмыртқа алуда.

Қазіргі таңда Темірлан ауылының тұрғындары мен әлеуметтік маңызы бар сауда дүкендерін үй тауығының жұмыртқасымен қамтып отыр. Кәсіпкер алда уақытта тауық санын 2000 басқа ұлғайтып, кәсібін жандандыруды көздеп отыр.

Сондай-ақ, Көктөбе елді мекенінде жеке кәсіпкер Досхан Жолдыбаев 3 гектар жер теліміне қызанақ пен қияр егіп, үй шаруашылығында 5000 дана шыны ыдыс (банкіге) 6 өнім түрін (қызанақ, бүтін қияр, салаттың 4 түрін) жабуды жоспарлауда.

Жобаға ниет білдірушілерге аудандық кәсіпкерлік бөлімі тарапынан мастер-класс, семинарлар өткізу жоспарлануда.

Қызығушылық танытқандар 8-700-307-94-91 нөміріне хабарласуға болады.

Айта кету керек, аудан басышсы аудандағы кәсіпкерлікті дамытуға көп ден қоюда. Бағлан Батырашев Бөген елді мекеніндегі жергілікті шаруа қожалықтарының мемлекеттік бағдарламалармен алынған ауыл шаруашылық техникаларының көрмесін аралап, шаруаларға агро секторлар мен мал шаруашылығында жаңа технологияны көптеп енгізіп, өндірісте кәдеге жарату жағын тілге тиек етті. Әрі Бөгендегі «Пернебек» шаруа қожалығының 60 бас ірі қара мал (жылқы) бордақылау алаңына барып, кірісін еселеп отырған шаруашылық иесі Бағдат Пернебековке шаруаларға берілетін мемлекеттік субсидияның тиімділін айтты. Әрі шаруашылық алаңын кеңейтуге шақырды.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 376 рет