Жұма, 13 Қаңтар 2023 21:25

Түлкібаста 23 жоба қаржыландырылды

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Түлкібас аудандық филиалының кәсіпкерлікті қолдау орталығы 2022 жыл басынан, бүгінгі күнге дейін 252 кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамашылығы бар азаматтарға «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» Ұлттық жоба» және басқада мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы 744 кеңестер беріліп, бизнес жобаларына сүймелдеу жұмыстары жүргізілді.

Жалпы, «Атамекен-Түркістан» МҚҰ-нан, Түлкібас ауданы бойынша 23 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде қызмет көресту саласы бойынша 5 жоба, мал шаруашылығын дамыту бойынша 19 жоба қаржыланды.

«ЫРЫС» шағын несие ұйымынан мал шаруашылығы боййынша 3 жоба, көктемгі дала жұмыстары бойынша 15 жоба, «Аграрлық несие корпорациясы» 5 жоба, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-нан ауыл шаруашылығы 3 техникасын (трактор) алу бойынша жобалар мақұлданып, өз кәсіптерін жүргізуде.

Сонымен қатар, сервистік көмектер көрсету барысында «Е-лицензия» порталы бойынша 11 тұлғаға жеке кәсіпкерліктерін мемлекеттік тіркеу бойынша көмек алды.

Аудан прокуратурасы, аудандық кәсіпкерлік бөлімі, кәсіпкерлер кеңесі, аудан кәсіпкерлері, Іскер әйелдер кеңесі және мүшелері, жеке меншік бала бақша меңгерушілермен, әр түрлі бағытта, жиындар, кездесулер өткізілді.

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы ұйымдастыруымен «АЛТЫН КҮЗ» мерекесі өтті, Түлкібас ауданының жеке кәсіпкерлері «КЕНТАУ» ЖШС, «Мичурин алма экспорт» ЖШС-і, «ЕҢ ҮЗДІК ЖЕМІС ЖИДЕК ӨНДІРУШІ» болып ауыл шаруашылығы саласының үздіктері болып марапатталды.

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша, 2 өтініш түскен болатын.Жеке кәсіпкер Спабекова қосымша жер телімін алу үшін, өтініш берген, нәтижесінде оң шешімін тапты, жеке кәсіпкер БАРЫС 2020 Сартбаеваның, өз өтініші бойынша жазбаша жауабын алды.

Жалпы, 2022 жылды қорытындылап, кіріп келген, Жаңа жылда кәсіпкерлер үшін, істері оң болып,берекелі жыл болсын.

Палатаның басты міндеттердің бірі, кәсіпкерлерге сапалы қызмет жасау, оларды жан жақты қолдап,олармен тығыз байланыста жұмыс атқаратынымызға, толықтай сенім білдіреміз.

Оқылды 166 рет