Түркістан облыстық жедел жәрдем қызметі 16 жаңа медициналық көлікпен толықты

Түркістан облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына толық жабдықталған, заман талабына сай жаңа көліктер берілді. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев және облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшылығы мен медицина саласының қызметкерлері қатысты. 

Арыстың инфрақұрылым жұмыстары реттелді

Арыс қаласындағы инфрақұрылымды реттеу барысында қаладағы кәріз жүйелері толық жөндеуден өтті. Кәріз жүйелерінде 6 кәріз суын айдау (ГКНС, №1, №2, №5, №7 және «Көктем») нысандарында төменде көрсетілген ағымдағы жөндеу жұмыстар атқарылды.

Түркістан облысы: Мәслихат хатшысы «Nur Otan» партиясынан аластатылып, қызметінен кетуі мүмкін бе?

Тақырыпты бұлай қоюымызға Түркістан облысындағы Ордабасы аудандық мәслихатының хатшысы Баймахан Садвахасовтың үстінен жазылған бірнеше арыз бен «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының шешімі себеп болып отыр. Мәслихат хатшысының не «бүлдіріп» қойғанын, Партиялық бақылау комиссиясының қандай шешім шығарғанын білгіңіз келсе, ары қарай оқыңыз. 

Түркістан облысында Қазақстандағы ең үлкен жылыжай кешені салынады

Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев және «ЭКО Культура» агроөнеркәсіптік холдингі Президенті Александр Рудаков, сондай-ақ «GreenLandAlatau» Бас директоры Алмас Дауытовтың қатысуымен жиын өтті. Сонымен қатар кездесуде Инвестиция және экспорт басқармасы, Экономика және бюджеттік жобалау басқармасы, «KazakhInvest» аймақтық өкілдігі, «TurkistanInvest» фронт-офистің басшылары, «KazakhInvest» ҰК АҚ Төрағасы орынбасары және бас менеджері қатысты. 

Түркістан қаласында педагог қызметкерлердің облыстық тамыз кеңесі өтті

Бүгін Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Мәдениет сарайында «Адами капиталды дамытудың көзі ретінде қазақстандық білім беру мазмұнын жаңарту» тақырыбында Түркістан облысында педагог қызметкерлердің облыстық тамыз кеңесі өтті. 

Түркістан облысында инвестиция тарту және экспортты дамыту бағытындағы алғашқы фронт офис ашылды

Қазақстан Үкіметі барлық аймақтарда инвесторларды сүйемелдеу бойынша фронт офистер қызметін жүзеге асыру ережесін бекіткен болатын. Аталмыш тәсіл инвестордың құжат жинау және дайындау процесіне қатысуын азайту және олардың мемлекеттік органдармен тікелей байланысын шектеуді көздейді. 

Түркістан облысында спортшылар кәсіби мерекесін атап өтті

Еліміздің атақ-даңқын шығарып, мерейін үстем етіп келе жатқан қазақстандық спортшылар кәсіби мерекесін атап өтті. Өңірдегі «Біркөлік» сауықтыру-спорт кешенінде сала үздіктері анықталды. Жемісті еңбек еткен спортшылар мен бапкерлер марапат биігінен көрінді. 

Түркістан облысы: Ескек есушілер лицензиялық турнирлерге қатысады

21-25 тамыз аралығында Венгрияның Сегед қаласында дүниежүзінің ескек есушілері әлем чемпионатында бақ сынайды. Токио олимпиадасының лицензиялық жолдамасы сарапқа салынатын додаға Түркістан облысының спортшылары да қатысады. 

Осы RSS каналға жазылу