Түркістан қаласында "ақылды үйлер" салынбақ
Дүйсенбі күні Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев француздық «Logelis GROUPE» құрылыс компаниясының жетекшілігімен кездесті. Қос тараптың екі жақты жүздесуінде шетелдік компания басшылығы аймақ басшысына облыс орталығы – Түркістан қаласында инновациялық технологиялармен жасалған коттеджді үйлерді салу жобасын ұсына келіпті. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» ақпарат агенттігі хабарлайды «ontustik.gov.kz» сайтына сілтеме жасап.