Созақ ауданы түйе шаруашылығын дамытуда озат аудан номинациясымен марапатталды

9 қараша күні Түркістан қаласында өткен «Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері» күніне арналған «ALTYN KUZ-2023» мерекесінде Созақ ауданы «Түйе» шаруашылығын дамытуда ОЗАТ аудан номинациясын иеленді.

Созақ ауданы Түркістан облысында экономикалық көрсеткіштер бойынша көш басында

Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішін нақтылау мақсатында облысқа қарасты аудан, қала әкімдерінің арасында 2023 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша рейтингі түзілді. Онда облыс әкімі тарапынан жүктелген хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы және ауыл шаруашылығы, инвестиция, құрылыс, өнеркесіп өнімдері, жаңа жұмыс орнын құру және тағы басқа салалар бойынша атқарылған жұмыстар толықтай қамтылды.

ШЫМКЕНТ: ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Шымкент қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің қызметкерлері және "Орынтай Сейдалиев" атындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестігі сауда орындарында түсіндіру жұмыстарын өткізді. Онда сатушыларға Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңның 33-2-бабында көрсетілген «Тұтынушылардың бұрыштары», оның құқықтары бұзылған жағдайда қайда жүгінуге болатыны туралы ақпарат пен уәкілетті органның және дауларды реттеудің сотқа дейінгі органдар туралы мәліметтің болуы, ақпараттық стенд белгілеу қажеттігі айтылды.


«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы»

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV Заңы

33-2-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) уәкілетті орган және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілері туралы ақпаратты орналастыру жөніндегі міндеттері

1. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тауарды өткізу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) орнында уәкілетті органның және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің байланыс деректерін (мекенжайы мен телефон нөмірін), сондай-ақ тұтынушының өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін оларға немесе сотқа жүгіну құқығы туралы ақпаратты орналастыруға міндетті.

Сатушы (дайындаушы, орындаушы) өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесі (қатысушысы) болған жағдайда, бұл туралы ақпарат тауарды өткізу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) орнында міндетті түрде орналастырылуға тиіс.

2. Электрондық коммерция арқылы тауарды өткізу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде уәкілетті органның және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің байланыс деректері (мекенжайы мен телефон нөмірлері) туралы ақпаратты уәкілетті органның ресми интернет-ресурсына сілтеме арқылы, сондай-ақ тұтынушының өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін оларға немесе сотқа жүгіну құқығын көрсету ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы орналастырылуға тиіс.

Сатушы (дайындаушы, орындаушы) пайдаланатын интернет-ресурста оның байланыс деректері (нақты мекенжайы мен телефон нөмірлері) туралы ақпараттың орналастырылуы міндетті.

Тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің тізбесі

Тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілері

1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Шымкент қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті.

Шымкент қ. Түркістан көшесі, 2а ғимарат, каб. 303.

Тел:8 (7252)53-07-04

8 (7252)53-07-06

Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері

1. «Орынтай Сейдалиев атындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі» қоғамдық бірлестік.

Шымкент қ. Ахмет Байтурсынова көшесі. 15Б үй, 26-пәтер

тел.: +7 (702) 762-43-77

2. «Тұтынушылық бақылау» қоғамдық бірлестігі.

Шымкент қ. Коксай 2 көшесі, 453 Б.

тел.: +7 (701) 224-45-76

3. «Дулат» қоғамдық бірлестігі.

Шымкент қ., Тәуке хан даңғылы, 45.

тел.: +7 (701) 357-42-63

4. «SR Қазақстан Лигасы» тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестігі.

Шымкент қаласы, А. Байтұрсынова көшесі, 80А

 

Созақ ауданында ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 8 айда 12 млрд 260,5 миллион теңгеге жеткен

Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылындағы «Даңқ» саябағында ауыл шаруашылығы саласындағы дәстүрлі «Алтын күз-2023» шарасы өтті. Жиын аясында арзан бағада азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласындағы заманауи технологиялар мен асыл тұқымды мал түрлерінің көрмесі өтті.

Созақ ауданы: келесі жылы жоба құны 100 миллиард теңге болатын «Қазатомпром» компаниясының күкірт қышқылын өндіретін зауыт құрылысы басталмақ

Көп жылдан бері ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелердің бірі болып келген Созақ ауданындағы «Жылыбұлақ» каналының мәселесі шешімін тапты. Биыл жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалып, облыстық бюджеттен құрылыс жұмыстарын бастау үшін қаражат бөлінді. Жоба құны 470 миллион теңгені құрайды. Бұл канал пайдалануға берілген соң 650 гектар суармалы жер мен Құмкент, Қызылқанат елді мекендері тұрғындарының 133 гектар егістік жерлері ағын сумен толық қамтамасыз етілетін болады.

Созақ ауданы: индустриалды аймақта 5 жоба іске асырылуда

Созақ ауданында халықтың әл-ауқатын жақсарту, сондай-ақ, экономикалық белсенді тұрғындардың санын көбейту, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік саласы бойынша көптеген жұмыстар атқарылуда. Атап айтар болсақ, Созақ ауданы көлемінде биыл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда1207 жаңа кәсіпкерлік субъектілері ашылып, кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 4766 жеткен. Өнеркәсіп өнімінің көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 94,6 пайызды құрайды.  Аудан көлемінде 2023 жылдың I-тоқсанында  28  жаңа кәсіпкерлік субъектілері ашылып, кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 4 792 жетті.

Созақ ауданы: жергілікті бюджет кірістеріне 9 айда 10 млрд. теңгедан астам қаржы түскен

Созақ ауданында ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысымен ауданда 384 млрд. 137 млн. теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндіріліп, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 112 пайызға немесе 41 млрд. 355 млн. теңгеге артты. Есепті кезеңде аудан экономикасына 57 млрд. 830 млн. тенге инвестиция тартылды. Жергілікті бюджет кірістеріне ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 10 млрд. 8 млн. 844 мың теңге қаржы түсіп, жоспар 108,2 пайызға немесе 775 млн. 491 мың теңгеге өзіндік кірістер есебінен артығымен орындалды.

Созақ ауданында 1 трлн теңгеге 13 инвестициялық жоба іске асырылмақ

Созақ ауданында 2027 жылға дейін 1 трлн. теңгеге 13 инвестициялық жоба іске асырылатын болады. Атап айтқанда, келер жылы жоба құны 100 млрд. теңге болатын «Қазатомпром» компаниясының күкірт қышқылын өндіретін зауыт құрылысы басталады. «Маңғышлақ-Мұнай» компаниясы табиғи газ өндіру кәсіпорнының құрылысы басталады деп жоспарлануда. Жоба құны - 89 млрд. теңге.